Qaztrade БАӘ нарығында дайын өнімдер мен қызметтердің экспортын арттыруға ықпал етеді

Qaztrade БАӘ нарығында дайын өнімдер мен қызметтердің экспортын арттыруға ықпал етеді

2022 жылғы 19-20 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ә. Смайылов Біріккен Араб Әмірліктерінің (бұдан әрі - БАӘ) Абу-Даби қаласына ресми сапармен келді.

БАӘ қазақстандық өнімді өткізудің басым нарықтарының бірі болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстандық агроөнеркәсіптік кешен мен тамақ өнеркәсібінің өнімдері ең танымал болып отыр. Бүгінде қазақстандық кәсіпорындар отандық өнімді БАӘ нарығына тұрақты түрде жеткізуде. Олардың саны үнемі өсуде.

Сапар барысында 23 млн, АҚШ доллары сомасына бірқатар сауда келісімдеріне қол қойылды. «KazakhAgroExport» ЖШС және «Оптоград» ЖШС компаниялары ет өнімдерін жеткізу туралы келісімге қол қойды. «Citix» ЖШС компаниясы Smart City&Adtech жобасын іске асыру бойынша The Gulf Foundation компаниясымен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Қазақстандық өнімді БАӘ нарығына одан әрі ілгерілету мақсатында ҚР Сауда және интеграция Вице-министрі – QazTrade Директорлар кеңесінің мүшесі К.Төребаев БАӘ-нің Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясымен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат коммерциялық келісімдерді іске асыру жұмысын жалғастыруға және жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік береді