СИМ-да сауда саясатын дамыту стратегиясы талқыланды

СИМ-да сауда саясатын дамыту стратегиясы талқыланды

 

 «Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған сауда саясатын дамыту стратегиясы» тақырыбындағы семинар туралы

2020 жылға арналған жалпыға бірдей  құқықтық оқыту жоспарының аясында, 2020 жылдың 13 ақпанда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде «Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған сауда саясатын дамыту стратегиясы» тақырыбына семинар өтті.

Іс-шараның дәріскері болып Министрліктің Стратегия және цифрландыру департаменті директорының орынбасары Б. Абылкасымов қатысты.

Семинарға Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы сауда саясаты дамуының негізгі бағыттары, отандық тауарларды ілгерілету бойынша басқа мемлекеттермен байланыс орнату сұрақтары талқыланды.

Қатысушылар өздерінің сұрақтарына жауап алды.