Бақыт Сұлтанов Катардың Сауда және индустрия министрімен кездесу өткізді

Бақыт Сұлтанов Катардың Сауда және индустрия министрімен кездесу өткізді

Бүгін, 2020 жылғы 13 ақпанда СИМ – де Қазақстан мен Катар Сауда ведомстволарының екі Министрлерінің кездесуі өтті.

Катар Мемлекетінің Әмірі Тамим бен Хамад Әл-Танидің 2020 жылғы наурыз айында Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында сауда министрлері - Бақыт Сұлтанов пен Али Бин Ахмед Әл-Кувари екі экономиканың сауда әлеуетін дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Сапар барысында сауда министрліктері арасында сауданы дамыту, шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын ілгерілету, сондай-ақ электрондық сауда саласындағы ынтымақтастықтың қолайлы жағдайларын жасауға бағытталған өзара түсіністік туралы Меморандум жасалатын болады.

 

Бақыт Сұлтанов пен Али Бин Ахмед әл-Кувари бір-бірімен біздің елдерімізде сауда саласындағы мүмкіндіктер туралы ой бөлісті. Барлық салалар бойынша министрлердің бағалары бірдей екенін, атап өту керек.

 

Министр Бақыт Сұлтанов 2019 жылы бойынша сауда көлемі 2 миллион долларға дейін өскенін және өзара сауданың теңгерілмегендігін атап өтті:

- Соңғы екі жылда тауар айналымының оң өсімі және Қазақстан мен Катар арасындағы сауда-саттықтың «секірмелі сипаты» байқалды, бұл біздің әлеуетімізді көрсетеді.

 

Катар Сауда және өнеркәсіп министрі бүгінгі көрсеткіштер – бұл өзара саудадағы шектер емес деп келісті. Б. Сұлтанов атап өткендей, "бізде ынтымақтастықты кеңейту үшін нақты жолдар бар".

 

Осыған байланысты сауда ведомстволары басшыларының әрқайсысы көлік – логистикалық хаб ретінде мемлекеттердің әрқайсысын ашатын үлкен мүмкіндіктерге бір-бірінің назарын аударды. Қазақстандық министр Катар тарапын өзінің көлік дәліздерін дамытуға қатысуға шақырды. Өз кезегінде, Катар өкілі Қазақстанды Түркия мен Иранға қосылған көлік келісіміне кіруге шақырды.

 

- Бүгінде бар сауда алмасуы біздің әлеуетімізге сәйкес келмейді,- деп атап өтті Әли Бин Ахмед Әл-Кувари.

 

Сондықтан Министр Б. Сұлтанов үшін де осындай кездесулердің маңызды мәселесі сауда айналымын арттыру мәселесін талқылау болып табылады. Сауда және интеграция министрі Катар министрінің командасына Катардағы тұтыну көлемін талдау көрсеткендей, онда талап етілетін тауарлар тізімін ұсынды. Ол әріптестеріне оны Катар бизнесімен пысықтауды ұсынды:

- Біз шамамен 200 млн. долларға Катар нарығына экспортталуы мүмкін 65 әлеуетті тауарлардың тізбесін қалыптастырдық.

 

Бұл келіссөздердің арнасын қолдай отырып, Катар өкілі өз елінің азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі өңірлік орталық болу ниеті туралы хабарлады. Министрдің айтуынша, портта қажеттілігінен 6 есе асатын көптеген элеваторлар салынған. Катар тарапы Қазақстаннан бидай, арпа, ет, өсімдік майы және басқа да тауарларды тасымалдауға мүдделі.

 

Қазақстан сондай-ақ Парсы шығанағы елдеріне Халал өнімдер экспортын ынталандыруға мүдделі. Ал, Халал тақырыбы жөнінде Әли Бин Ахмед Әл-Кувари мырза өз Тарапынан осы мақсатпен арнайы миссиясы жіберілетін Катарда қазақстандық Халал стандартын тануды дайын екендігін айтты.

 

Серіктесті елдер іскерлік қарым-қатынастарды дамытуға ұмтылуы туралы "Qatar Airways" Нұр-сұлтан мен Алматыда тікелей әуе желілерін ашалуы факті дәлелдейді және бұл, әрине, бизнестің өзара енуіне маңызды серпін береді.

 

Сонымен қатар, алдағы уақытта бірлескен бизнес-форум өткізу жоспарлануда, ол Қазақстанның Катарға сауда миссиялары үшін кең жол ашады деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.