
2022 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Ерлан Баттақов азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру, сондай-ақ өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту бойынша өзекті мәселелер қаралды.
Бірінші қажеттілік өнімдеріне бағаны көтеру мәселесін көтерген өтініш беруші қажетті түсініктемелер алды. Ерлан Баттақов ӘМАТ бағасын ұстап тұру шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Сондай-ақ, ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағаларын (ӘМАТ) мемлекет реттейтінін хабарлады. Бұл ретте шекті сауда үстемесінің жол берілетін мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда берушінің сатып алу бағасының 15%-ынан аспайды.
Оның айтуынша, баға тізбегін талдау қосымша жалғасуда - өндірушіден бастап электронды шот - фактуралар арқылы сауда сөрелеріне дейін.
"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қазіргі уақытта "айналым схемасы" құралын іске асыру тетігі қайта форматталуда. Бүгінгі күні жергілікті бюджеттерден 87,5 млрд. теңге бөлінді, қаржыландыруды 100 млрд.теңгеге дейін жеткізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Жаңа формат бойынша ӘМАТ өндірушілерінің пайдасына сауда желілеріне қарыз беру тетігінен алыстау жоспарлануда. Барлық іс - шараларды іске асыру нәтижелері бойынша ӘМАТ нарығын тұрақтандыру жоспарлануда", - деп түйіндеді Ерлан Баттақов.
Кездесудің тағы бір қатысушысы, Жамбыл облысының кәсіпкері балық шаруашылығы мен құс фабрикасын дамыту мәселесі бойынша сөз сөйледі. Өтініш берушінің пікірінше, жергілікті атқарушы органдар оның бизнесінің жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.
Осыған байланысты Ерлан Баттақов Жамбыл облысының әкімдігіне жағдайды анықтап, мәселені шешуді тапсырды. Өз кезегінде, ведомство тарапынан Жамбыл облысының әкімдігі мен ҚР Бас прокуратурасына тиісті сұраныстар жолданатын болады.