
2022 жылғы 23-25 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында микро, шағын және орта бизнес өкілдері үшін экспорт пен халықаралық сауда жөнінде тегін оқыту курстары өтті. Халықаралық сауда орталығы QazTrade-пен бірлесіп әзірлеген және Ready4Trade Орталық Азия жобасы шеңберінде Еуропалық Одақ қаржыландыратын осы курстарда кәсіпкерлер Қазақстаннан Еуропаға және басқа елдерге тауарды қалай экспорттауға, өз бизнесін экспорттық қызметке қалай дұрыс дайындауға, қажетті сертификаттарды және халықаралық сауда жұмысының көптеген басқа да маңызды аспектілерімен танысты.
Курсқа бал өндірушілерінен бастап логистикалық компанияларға дейін әртүрлі салалардан мүлдем өзге бизнес нысандарының 20-ға жуық өкілі қатысты. Қатысушылардың арасында өз бизнесінің басшылары-әйелдер қауымы да болды.
Семинар барысында тәжірибе алушы және әлеуетті экспорттаушылар тәжірибелерімен бөлісіп, өз саласының өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, қатысушылар бір-біріне кеңес беріп, курс тренерлерінен өзекті мәселелерді шешу жолдарына қатысты ұсыныстар мен кеңестер алды.
Курстың қатысушысы және «Қазақстан халал индустриясы қауымдастығы» ЖШС бас директоры Альфия Сәрсенбаеваның айтуынша – «Жаңа интерактивті форматы тек теориялық сұрақтарды ғана емес, бізге практикалық мәселелерді де мамандармен бірлесіп талқылауға ықпал етті.
А. Сәрсенбаеваның айтуынша, алған білім кәсіпорындарға экспорт процесінде нені күту керектігі, қандай сәттерге назар аудару қажеттілігі туралы кеңес беруге мүмкіндік береді».
Курстың тағы бір қатысушысы, «Clear All» ЖШС тұрмыстық химия өндірісі бойынша компанияның құрылтайшысы Найзақараев Мирас көлемді теориялық материалды нығайтуға мүмкіндік беретін курстың практикалық тапсырмаларына баға берді. «Сонымен қатар, тренерлердің жауапкершілігі мен жоғары деңгедегі кәсібилігін атап өткім келеді. Тренерлер өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, барлық сұрақтарымызғы жауап беріп маңызды кеңестерімен бөлісті. Тренингтердің өзі нетворкинг үшін жақсы алаң болды».
Жоба координаторы, «QazTrade» АҚ департаментінің директоры Айнур Әмірбекованың айтуынша, бұл курстар қыркүйек айында іске қосылатын онлайн және офлайн форматында өткізу үшін әзірленген оқу бағдарламасының бөлігі болып табылады. Жыл соңына дейін осындай курстардың сериясын Қазақстанның басқа қалаларында өткізу күтілуде