Көрсетілетін қызметтер экспорты 5,5%-ға ұлғайды және 5,8 млрд. $ құрады

Көрсетілетін қызметтер экспорты 5,5%-ға ұлғайды және  5,8 млрд. $ құрады

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің бірінші алқасы өтті, онда қанша жұмыс көлемі атқарылғаны және әлі қаншасы орындалатыны көрсетілді.

Министр Бақыт Сұлтанов 2019 жылғы жұмыс қорытындысы туралы және 2020 жылғы жоспарлар туралы сөз сөйледі.

Әлемдік сауданың түрленуі жағдайларында және әлемнің ірі экономикалары арасындағы протекционистік шаралардың күшеюі барысында сыртқы сауда саясатын жетілдіру қажеттілігі туындайды.

Осыған байланысты Министрлік экспортты ілгерілету орталық міндет болатын сауда саясатын жаңғыртуға шоғырланды.

Сауда ведомствосының басшысы атап өткендей, «өкінішке орай, экспорттың төмендегенін айтуға тура келеді»:

2019 жылғы қаңтар-қараша аралығында экспорттың жалпы көлемі 52,4 млрд. $ құрады, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңіне қарағанда 4,9%-ға төмен (55,0 млрд. $).

Сауда министрі төмендеуді 3 негізгі фактормен түсіндірді:

-Біріншіден – 2018 жылмен салыстырғанда мұнай бағасының 9,8%-ға төмендеуі. Бұл құнды 3,1 млрд. $ (33,7-ден 30,6 млрд. $-ға) қысқартты. Бұл ретте, шикі мұнай экспортының табиғи көлемі 0,7%-ға өсті – 63,2 миллионан 63,6 миллионға.

-Екіншіден – қоспасыз болаттан жасалған жалпақ илектің  34,4%-ға немесе 455,8 млн. $-ға (1 325,9 млн. $-дан 870,2 млн. $-ға) қысқаруы.

Бұған «Арселор Миталл» металлургиялық комбинаттағы апат және Қазақстан 2019 жылы метал илектерін жеткізуді тоқтатқан Иранға қарсы санкциялар әсер етті.

-Бақыт Сұлтанов үшінші факторға ферроқорытпаларының әлемдік бағасының төмендеуін атады, бұл экспорт құнын 14,4%-ға немесе 293,9 млн. $-ға (2 036,9  млн. $-дан 1 743,1 млн. $-ға) қысқартты, алайда экспорттың табиғи көрсеткіші 6,7%-ға немесе 97,3 мың тоннаға (1 453,5 мың тоннадан 1 550,7 мың тоннаға) ұлғайды.

Сонымен бірге өндіруші өнеркәсіп тауарларының экспорты 4,2% қысқарды. Қаңтар-қараша аралығында ол 13,8 млрд. $ (2018 жылғы қаңтар-қараша кезеңінде –14,4 млрд. $) құрады.

Сонымен қатар көрсетілетін қызметтер экспортында оң үрдістер бар. 2019 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында ол 5,5%-ға ұлғайды және 5,8 млрд. $ (2018 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында 5,5 млрд. $) құрады.Бұл көлік қызметтері және іскерлік сапарлардың өсуімен байланысты.