
Бүгін өткен ҚР Сауда және интеграция министрлігінің алқа мәжілісінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев өз сөзінде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазіргі таңда стандарттарға деген сенімнің өте аз екендігіне назар аударғандығын атап өтті.
Стандарттарға деген сенім өз кезегінде оларды сатып алуда реттелетін салалық нормативтік-құқықтық актілерде қолдану арқылы арттырылады.
Комитет төрағасы стандарттармен жеткілікті жоғары қамтамасыз етілген кезінде (80-90%), өкінішке орай, олардың қолданылу деңгейі өте төмен болып қалатынын атап өтті. Сондықтан заңнамалық алдын алу шараларын қабылдамай, стандарттарды қолдануды арттыру мүмкін емес.
Қолданыстағы техникалық реттеу жүйесінің осы әлсіз тұстарын және қолданыстағы құқықтық олқылықтарды жүйелі іске асыруды негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңы жобасының тұжырымдамасы мынадай негізгі бағыттарды көздейді:
- ТР туралы ұлттық заңнаманы ЕАЭО нормативтік құқықтық қорымен үйлестіру
- сәйкестігін бағалау процедураларының дұрыстылығын қамтамасыз ету және оларды жетілдіру
- ұлттық сертификаттау жүйесін дамыту арқылы өнімнің қауіпсіздігін, сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру
- техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды жетілдіру
Заң жобасының осы негізгі түзетулері үшін:
- өндірушінің өз жауапкершілігін декларациялаудың негізін құрайтын принциптердін регламенттеу, осыдан қауіпсіздік, тек стандарт болған кезде ғана айналымдағы өнімді шығару басталады;
- сәйкестігін бағалаудың жетекті тетігі ретінде стандарттарды қолдану.
2019 жылғы 11 сәуірден бастап стандарттау процестерін халықаралық модельге жақындатуға бағытталған ҚР «Стандарттау туралы» Заңы күшіне енгенін атап өту қажет, оны іске асыру шеңберінде ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті өнім сапасына сенім тудыратын стандарттар әзірленетін болады.
«Стандарттау туралы» Заң Ұлттық стандарттау жоспарын қалыптастырудың негізгі тәсілдерін түбегейлі өзгертті. Сонымен, отандық өнеркәсіп үшін қажетті стандарттардың өзектілігі бойынша жаңа талаптар енгізілді, атап айтқанда, жоспарлау стандарттарды талдау және жүйелеу және оларды қолдану мониторингі негізінде жүзеге асырылады.
Стандарттарды қолдану мониторингі халықтың сапалы өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету және отандық өндірушілерді өзекті стандарттармен қамтамасыз ету үшін стандарттарды әзірлеу қажеттілігін анықтауға, қолданыстағы стандарттарды қайта қарауға, олардың күшін жоюға не оларға өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.
Ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды халықаралық және өңірлік стандарттармен үйлестіру бәсекеге қабілетті өнім жасау үшін қажетті алғышарттар жасайды, сауда кезінде техникалық кедергілерді жояды және Қазақстандағы бизнес климаттың қызметін жақсартуды қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда ұлттық стандарттарды үйлестіру деңгейі жалпы 9792 ұлттық стандарттардың 6879-ын құрайды.
Мемлекеттік стандарттаудың 2019 жылға арналған жоспары шеңберінде 1000 ұлттық және мемлекетаралық стандарттар әзірленді және бекітілді. Сонымен, салаларды қамтамасыз ету үшін мұнай-газ өнеркәсібінде – 30 стандарт, химия өнеркәсібінде – 34 стандарт, жеңіл өнеркәсіпте – 34 стандарт, тау-кен – металлургиялық кешенде – 41 стандарт қабылданды.
Оның ішінде жобаларды іске асыруға және жаңа технологияларды енгізуге арналған 72 стандарт, экспорт бағдарланған кәсіпорындарды қолдауға бағытталған 177 стандарт әзірленді және бекітілді.
Сонымен 1000 стандарттар ішінде мыналарды белгілейтін стандарттар әзірленді:
- шығарындылар жөніндегі талаптар мен басшылыққа алынатын нұсқаулықтарды;
- Халал өнімін өндіруге, таңбалау тәртібіне және сәйкестігін растауға қойылатын талаптар. Осы фактор әлемдік қауымдастықтың Халал тамақ өнімдерінің сапасына қойылатын талаптарының артуына байланысты;
- ЕАЭО/КО ТР талаптарын іске асыру үшін жыл сайын әзірленетін, сондай-ақ олардың қолжетімділігі мақсатында орауышта ақпаратты және таңбалауды дұрыс ұсынуға мүмкіндік беретін өзге де талаптарды белгілейтін орауышқа қойылатын талаптар;
- кеңсе жиһазына (мемлекеттік органдар мен мекемелердің әкімшілік үй-жайлары), үстелдерге, оқу орындарына арналған тақталарға, арнайы зертханалық жиһазға, отыруға және жатуға арналған жиһазға және т.б қойылатын талаптар көзделген жиһаз өнімдеріне арналған талаптар;
- қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бұзбай бақылау саласындағы талаптар;
- бірқатар процестерді ұйымдастыруға (ұйымдастырушылық, қаржылық және беделдік сипаттағы), энергияны тұтыну шығындарын қысқартуға және қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға мүмкіндік беретін энергетикалық менеджментті, ғимараттардың энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді енгізу.
Жалпы, стандарттарды әзірлеу өңдеуші өнеркәсіптің барлық кәсіпорындарының бизнесін дамытуда қолдау жолдарының бірі және мемлекеттік сатып алу жүйесіне қатысу үшін стандарттау жөніндегі құжаттармен қамтамасыз ету болып табылады.