Ең бастысы – өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру

Ең бастысы – өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқасында Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаккалиев «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының Тұжырымдамасын таныстыру барысында өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру  мәселелеріне ерекше көңіл аударды.

Атап айтқанда, спикер Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша (2020 ж. 24 қаңтар)  Мемлекет басшысы өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру жөнінде нақты тапсырмалар бергенін атап өтті.      

Осыған байланысты, жаңа редакциядағы тұжырымдаманың тиісті жобалары мен «Техникалық реттеу туралы» заң жобасы және оған ілеспе «Кейбір заңнамалық актілерге техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы» заң әзірленді.  

Қазіргі таңда жаңа Сауда және интеграция министрлігінің құрамында жинақталған техникалық реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау құралдары тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды күшейте отырып, тандемде жалпы ішкі нарықты қорғауға, сондай-ақ қазақстандық туаралар мен көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықта ілгерілетуге бағытталғанын айта кеткен жөн.     

Адал бизнес, әдетте, үшінші елдерден, сондай-ақ ішкі елдерден келіп түсетін қауіпсіз және сапасыз өнімдерді әкелу мен сатуға қойылатын тосқауылдың оң әсерін сезінуі тиіс. 

Ведомство басшысы өз сөзінде тұжырымдамаларды дайындау кезінде Дүниежүзілік Банктің есебі пайдаланылғанын, оның негізгі қорытындылары онда айтылған проблемалар бүгінгі күні де өзекті деп қорытынды жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті:

- сондықтан біздің инфрақұрылымымыз бәсекеге қабілеттілікті толық қамтамасыз етпейді;

-  өнімді экспортқа жеткізу кезінде негізінен қазақстандық өнімдер сапасы бойынша емес, бағасы бойынша бәсекелеседі;

-  жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылау тиімсіз;

-  Ақпараттық технологиялар жеткіліксіз пайдаланылады;

-  салалық мемлекеттік органдардың жетекшілік ететін салаларда және т.б. техникалық регламенттер мен стандарттарды нашар енгізуі.