
2020 жылдың 3 ақпанында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бахыт Сұлтановтың Сауда және индустрия бойынша аға мемлекеттік министрі, Сингапурдың ұлттық дамуы бойынша аға мемлекеттік министрі Ко По Кун мырзамен кездесуі өтті.
Кездесу жылы және достық жағдайда өтті, екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары талқыланды.
Кездесу барысында Министр Б. Сұлтанов Қазақстан мен Сингапур арасындағы тауар айналымының 2018 жылы 522,4 млн. $ дейін өсуіне қарамастан, 2019 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша сауда көлемі 277,7 млн. $ дейін қысқарғанын атап өтті.
Қазақстан мен Сингапур арасындағы өзара сауда құрылымын одан әрі әртараптандыру мақсатында ҚР Сауда және интеграция министрімен әлеуетті тұтынушылар мен екі елдің кәсіпкерлері арасында тікелей байланыстар орнату үшін елдерде экспорттық әлеуеті бар шикізаттық емес тауарлар тізімдерімен алмасуды ұсынды.
Біз өз тарапымыздан ынтымақтастық үдерісін ұйымдастыру мақсатында біздің бизнесмендеріміз арасында «жолсерік» болуға дайынбыз – деп сауда Министрі ұсынды.
Кездесу барысында тараптар қызметтер саудасы мәселелерін талқылады. Бақыт Сұлтанов Сингапурдың түрлі салаларда қызмет көрсету саласын дамытуда үлкен тәжірибесі бар екенін атап өтті және АХҚО-мен қаржылық қызмет көрсету саласында белсенді ынтымақтастықты жалғастыруды ұсынды.
Тараптар Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қызметтер саудасы мен инвестициялар туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздер үдерісін оң бағалады және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың ағымдағы жылдың қазан айында Сингапурға жоспарланған сапарына дейін келісу процесін аяқтауға мүдделілік білдірді.
- Сарапшылар Келісім жобасы бойынша белсенді жұмыс істеуде және біз Келісім жобасының 80%-ын келіскенімізді айта аламыз. Жоғары қарқынды бәсеңдетпеуді және келісу процесін дәл осындай конструктивті түрде аяқтауды ұсынамын. Келісімге қол қою Қазақстан мен Сингапур арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған және біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға жаңа серпін беруі тиіс – деп Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов атап өтті.
Тараптар сондай-ақ көлік дәліздері саласындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылап, осы салада үлкен әлеуеттің барын атап өтті. Географиялық орналасуын ескере отырып, Қазақстан Еуропа, Парсы шығанағы және Орталық Азия бағыттары бойынша құрлықтағы хаб ретінде шығуға барлық мүмкіндіктерге ие. Осы мақсатта Тараптар Қорғас құрлық портын Сингапурдың теңіз портымен қосу бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерделеуге келісті.
Кездесу соңында министр Б. Сұлтанов мазмұнды әңгіме үшін және алғысын білдіріп, Кун мырзаны ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясын қабылдайтын ел ретінде ағымдағы жылдың 8-11 маусымында Нұр-сұлтан қаласында өтетін конференция жұмысына қатысуға шақырды.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Баспасөз қызметі
құрметпен, бет https://www.facebook.com/mtiqz Facebook
сайт: https://beta.egov.kz/memleket/entities/mti/about?lang=ru
e-mail: zh.sisembayeva@mti.gov.kz
pressa.trade.kz@gmail.com
749897, 87758680927