Қазақстан бизнесті ЕАЭО шеңберінде қорғайды

Қазақстан бизнесті ЕАЭО шеңберінде қорғайды

2020 жылы 31 қаңтарда Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) кезекті отырысы өтті, онда Қазақстан стратегиялық маңызды бастамалар жасады.

Отырыстың күн тәртібі 14 мәселені қамтыды, олар ЕАЭО мүше елдерінің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуға, ЕАЭО ішкі нарығында шегінде кедергілерді жоюға, сондай-ақ экономиканың жеке салаларында интеграциялық әлеуетті дамытуға бағытталған.

 Қазақстандық тарап бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзушылықтар үшін айыппұл төлеудің қолданыстағы рәсімдеріне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша бастама көтерді.

«Қолданыстағы нормалар бойынша айыппұлдарды шаруашылық ететін субъектінің жасаған бұзушылығы тіркелген елдің бюджетіне аударылуға жатады,» - деп түсіндірді ЕҮАК отырысынан тыс Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов. Мұндай әдіс кезінде «жәбірленуші тарап залады өтеу мүмкіндігінен айырылады. Де‑юре ол (жәбірленуші тарап) өз залалын құқық бұзушы тіркелген елдің сот органы арқылы қтей алады. Алайда бұл қосымша уақыт пен қаржы шығындарын талап ететін ұзақ рәсім». «Дегенмен, ең бастысы, қолданыстағы ереже Одақтың негізгі құндылығының: бизнес мүдделерінің бірін де түк қорғамайды», - деді Сұлтанов.

ЕАЭО цифрлық күн тәртібін шегінде Қазақстан мемлекеттік сатып алу рәсімдерін толық цифрландыру қажеттілігі туралы тақырып көтерді.  

«Цифрлық технологиялар сатып алуға қатысушылар үшін қолайлы жағдай туғызады. Одан басқа, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық мемлекеттерде мемлекеттік сатып алулардың жүз пайыздық электрондық форматқа көшуі ЕАЭО құқығындағы ұлттық режим принципін толыққанды қолдануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Сауда және интеграция министрлігінің басшысы.  

Қазақстандық тараптың тағы бір маңызды бастамасы – бұл пираттық өнімге қарсы күрес жөнінде бірлескен тактиканы пысықтау.

Сұлтанов түсіндіріп өткендей, осы салада заңсыз бағдарламалық қамтамасыз етулер мен пират деңгейінің өсуі ЕАЭО мүше елдерінің жеке меншік бағдарлама өндірушілеріне елеулі зиян келтіреді. «Пираттық өнімге қарсы күрес – әлемге ортақ практика. Елдеріміздің әрқайсысында контрафактіге қарсы іс-қимыл бойынша өз бағдарламасы бар. Бірақ біз бірыңғай экономикалық одақта авторлық құқықтарды бұзушылықтарға біркелкі күрес әдістерін пысықтау қажет деп санаймыз. Бұл экономикалық интеграциялық бірлестік ретінде ЕАЭО-ның ұстанымын нығайтады», - деп мәлімдеді ҚР Министрі.

Бұдан басқа, цифрлық көліктік дәліздер құру бойынша жол картасы бекітілді. Цифрлық көліктік дәліздерді іске асыру айқпараттық өзара іс‑қимыл деңгейін арттырады, сондай‑ақ біздің бизнес үшін көліктік бақылау рәсімдерін жеңілдетеді деп күтілуде.

Кездесулердің нәтижесі бойынша ЕҮАК-нің кезекті отырысы 2020 жылы сәуірде Минскіде өтетіні жарияланды.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің

Баспасөз қызметі

Facebook парағы https://www.facebook.com/mtiqz/

сайт: https://beta.egov.kz/memleket/entities/mti/about?lang=ru

e-mail: pressa.trade.kz@mail.com