
Бұрын Санкт-Петербургте 2019 жылғы 19 желтоқсанда өткен Еуразиялық экономикалық кеңесі комиссиясы отырысының шеңберінде Қазақстан Ресейде қабылданған мобильдік қондырғыларға, компьютерлер мен смарт-теледидарларға ресейлік бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды міндеттейтін заңға қарсылық білдірген. Қазақстан Республикасының осы мәселе бойынша алаңдаушылығын Беларусь Республикасы да белсенді қолдаған.
«Біздің талқылауымызды ескеріп, ресейлік әріптестеріміз «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» РФ Заңына және заңға тәуелді актілерді іске асыру үшін қабылданып жатқан түзетулер ЕАЭК шарттық құқықтық базасына қайшы болмайды деп сендірген. Біздің бастамамыз бойынша ресейлік тараптың уәждары ЕЭК Кеңесінің тиісті құжатында бекітілген,» - деп хабарлады Сауда министрлігінде.
Сондай-ақ Кеңес мүшелері аталған мәселені ЕЭК Алқасына бақылауда ұстауды тапсырған болатын.
ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова түсіндіргендей: «Егер ресейлік өкімет тарапынан біздің экспорттаушыларға қатысты қандай да болмасын шектеулерді қолданатын болса, онда ЕАЭО шегінде қолданыстағы құқықтық құралдарға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясы алаңында талқылау көтерілетін болады. Түпкілікті шара ретінде қарсы шаралар енгізілетін болады. Бұл мәселе Министрліктің тұрақты бақылауында».
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» РФ Заңы бойынша қабылданған түзетулер 2020 жылғы 1 шілдеден бастап Ресей аумағында тек қана ресейлік бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылған смартфондарды, компьютерлер мен Smart-TV функциясы бар теледидарларды сатуға рұқсат беруді көздейтінін еске саламыз.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
Баспасөз қызметі
Facebook парағы https://www.facebook.com/mtiqz/
сайт: https://beta.egov.kz/memleket/entities/mti/about?lang=ru
e-mail: pressa.trade.kz@mail.com