
Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Үкімет қабырғасында жиын өтті. ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов негізгі тауарлардың теңгерімін қалыптастырудың бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу туралы хабарлады.
Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасы әзірленеді. Бағдарламада өндірушілердің ішкі нарықты толықтыру жөніндегі қарсы міндеттемелерін бекіту бөлігінде саланы субсидиялау және қолдаудың басқа да шараларын ұсыну бойынша тәсілдер қайта қаралатын болады.
Вице-премьер атап өткендей, нақты өндірушілердің жедел пайда болуына баса назар аударылатын болады.
«Қант қызылшасы, қантты өндіру мен қайта өңдеудің өзіндік толыққанды көлемін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді», - деді Бақыт Сұлтанов.
Сонымен қатар Бақыт Сұлтанов Ұлттық тауар өткізу жүйесінің жобасын іске асыру туралы Бақыт Сұлтанов айтып берді. Министр осы жылдың қаңтар-ақпан айларында қаржыландыру шарттарының өзгеруіне байланысты жобаны іске асыру ұзаққа созылғанын атап өтті. Жобаны қаржыландыру шарттары бюджетке жүктемені азайту мақсатында МЖӘ шарты шеңберінде мемлекет міндеттемесінің деңгейін қайта қарауды талап етті.
«Мемлекет басшысының ескертулерін ескере отырып, ұлттық тауар өткізу жүйесін құрудың қолданыстағы моделін қайта қарау бойынша жұмыс басталды», - деді ведомство басшысы.
Бақыт Сұлтанов атап өткендей, бүгінде мүдделі инвесторларды тарта отырып, көтерме-тарату орталықтарын құрудың бірнеше балама сценарийлері қарастырылып отыр. Сонымен қатар, белгіленген мерзімде (осы жылдың қазан айына дейін) тиісті тәсілдер Мемлекет басшысына таныстырылады.
Сондай-ақ отырыс барысында «Айналым схемасы» құралының нәтижелілігіне қатысты мәлімдеме жасады. Мәселен Қарағанды облысында сәуір айында 2 709 тонна көлемінде картопты белгіленген бағамен 85 теңге бөлшек саудада жеткізуге шарт жасалған, ал коммерциялық баға 175 теңгені құраған.
«Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің жалпы тауар айналымындағы «айналым схемасын» қаржыландырудың ағымдағы көлемі бар болғаны 4%-ды құрайды. Сондықтан ол нарыққа жеткілікті түрде әсер ете алмайды. Осыған байланысты қаражат қозғалысының айқындылығы мен олардың тиімділігінің артуына қарай қаржыландыру көлемі біртіндеп ұлғаятын болады», - деді Бақыт Сұлтанов.