Ағымдағы жылдың маусым айында ҚР Сауда және интеграция министрлігінің құрылғанына 3 жыл толуына орай қайырымдылық көрмесі өтті. Қазақстандағы бала жылына орайластырылған қайырымдылық көрмесі аясында Министрлік қызметкерлері балаларының бұйымдары мен суреттері ұсынылды.
Көрме қорытындысы бойынша түскен қаражат қайырымдылық мақсаттарға бағытталды.
Осылайша, Министрлік Аппаратының басшысы Жәнібек Нөпіров 90 мың теңге сомасына Ж.К.Кокишеваға (6 бала тәрбиелеп отырған көп балалы ана), Н.С. Наурызбаеваға 90 мың теңге сомасына (2 жасар қызын емдеу үшін) және "Үміт Жолы" ерекше балалары бар отбасыларды қолдау қоры" ҚҚ басшысы Ж. Идрисоваға 32 мың теңге сомасына (Шаймарданов Тимур емдеуге) сертификаттар табыс етті.
Осы іс-шара аясында Экспо-2017 аумағындағы "Нұр Әлем" павильоны бойынша Министрлік және ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлерінің балалары үшін экскурсия өткізілді. Сондай-ақ, қайырымдылық акциясына белсенді қатысқан балаларға ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова грамоталар мен тәттілермен сыйлықтар табыс етті.