ҚР Сауда және интеграция министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің 2020 жылға арналған жұмыс жоспары

ҚР Сауда және интеграция министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің 2020 жылға арналған жұмыс жоспары

ҚР СИМ жанындағы Қоғамдық кеңес Сауда және интеграция министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобалары бойынша лауазымды тұлғалардың берген ескертулері мен ұсыныстарын талқылау жөнінде күндізгі негізде отырыс өткізуді жоспарлап отыр. Отырыс ұсыныстар мен ескертулер берілуіне қарай өткізіледі.

Сонымен қатар, бағдарламалар мен жол карталарын жүзеге асыру туралы Сауда және интеграция министрлігінің есебі бойынша Қоғамдық кеңестің күндізгі отырысы жоспарлануда. Отырыс кемінде алты айда кемінде бір рет өткізіледі.

Сондай-ақ Қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңес мүшелерінің және бизнес субъектілерінің өтініштері негізінде дайындалған проблемалық мәселелердің күн тәртібін қалыптастыруды, өзекті және проблемалық мәселелердің түсуіне қарай оларды одан әрі талқылауды жоспарлап отыр.

Қоғамдық кеңестің Сауда және интеграция министрлігі ұйымдастыратын алқаларға, халық алдындағы есептік кездесулерге және конференцияларға қатысуы көзделеді.

Қоғамдық кеңестің ішкі және сыртқы сауда бойынша экономиканың жекелеген салаларын дамыту жөнінде ұсыныстар енгізуі болжанып отыр.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің медиа алаңдарда, БАҚ-та қатысуы және сөз сөйлеуі, конференциялар мен іскерлік кеңестерге қатысуы жоспарлануда.