Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңестің 2019 жыл ішіндегі жұмыс қорытындысы

Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңестің  2019 жыл ішіндегі жұмыс қорытындысы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңес (бұдан әрі – СИМ) 2019 жылғы қыркүйекте құрылды.

СИМ азаматтар мен азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара байланыс құрудың бастапқы кезеңінде.

Сонымен қатар, СИМ мен Қоғамдық кеңестің келесі бірлескен жұмысын атап өткен жөн.

Сонымен, 2019 жылғы 20 қыркүйекте Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - СИМ ТҚҚК) мен Тұтынушылардың ұлттық лигасы жне Комитет арасында Меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, 2019  жылғы 4 қарашада "Атамекен" ҚР ҰКП алаңдарында - бір мезгілде Нұр-Сұлтан мен Алматыда ҚР, ЭЫДҰ және ЕЭК сарапшыларының қатысуымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасы талқыланды, оның әзірлеушісі СИМ ТҚҚК болып табылады.

Жаңа жобамен таныстыру және ол бойынша беделді түсініктемелер алу бастамасы Сауда және интеграция министрлігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып табылатын "Цифрлық Қазақстан" қауымдастығының басшысы                      Д.В. Степанцевке тиесілі.

2019 жылы 14 қарашада ҚР СИМ ТРМК Стандарттау жөніндегі ұлттық органы ұйымдастырған "Сапа – Қазақстанның тұрақты дамуының негізі" халықаралық форумында Қоғамдық кеңестің мүшесі С. Романовская              баяндама жасады.

Бұдан басқа, Қоғамдық кеңес мүшелері, Қазақстандық автобизнес қауымдастығының өкілі ҚР СИМ-нің НҚА-сын әзірлеуге белсенді қатысады.

Жалпы 2019 жылы Қоғамдық кеңес 52 жобаны қарады.