ҚР СИМ жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін жыл сайынғы аккредиттеудің қорытындысы шықты

ҚР СИМ жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін жыл сайынғы аккредиттеудің қорытындысы шықты

2020 жылғы 16 қантарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы
№ 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне сәйкес Министрлікте жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін жыл сайынғы аккредиттеу өткізілді.

Аккредиттеудің қорытындысы бойынша Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамына қосымша 16 аккредиттелген заңды тұлғалар қауымдастықтары қосылды.

Министрдің тиісінше бұйрығы Министірліктің интернет-ресурсында «Құжаттар» бөлімінде жарияланған.

​

5-НҚ   от: 16.01.2020

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция министрінің

2020 жылғы «    » қаңтардағы

№        бұйрығына қосымша

 

 

Заңды тұлғалар бірлестіктерінің

тізімі

 

  • «Қазақстан Республикасының Сауда Желілерінің Одағы»;
  • «EcoJer» Қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығы»;
  • «Қазақстанның тауарөндірушілері және экспортқа шығарушылары одағы»;
  • «Қазақстан Республикасының тексерушілер одағы «ETS KZ VERIFIERS»;
  • «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы»;
  • «Қазақстан кабель өнімін өндірушілер одағы»;
  • «Қазақстанның сыра ашытушылар одағы»;
  • «KazEnergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының ассоциациясы»;
  • «Қазақстандық Автокәсіпкерлік Қауымдастығы»;
  • «Қазақстанның электр машина жасау қауымдастығы»;
  • «КазАвтоПром» Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындарының одағы»;
  • «Цифрлық Қазақстан қауымдастығы»;
  • «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ РЕГИСТР»;
  • «Қазақстанның шарапшылар лигасы» Шарап өнімі өндірушілерінің қауымдастығы»;
  • «ҚазАлкоТемекі» Қазақстанның алкоголь және темекі өнімдерін адал өндірушілері, импорттаушылары мен сатушыларының Қауымдастығы»;
  • «ОТАН» Қазақстан Республикасы тауар биржаларының одағы».