Сериялық сертификаттардың қолданылу мерзімі ұзартылды

Сериялық сертификаттардың қолданылу мерзімі ұзартылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңес қазақстандық экспорттаушыларға тауарлардың шығарылуын растау үшін сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификаттарды қолдану мүмкіндігін ұзартты.

Бұл сертификат тауарлардың 50 атауына қатысты қолданылуы мүмкін: ет, балық, тоңазытылған жануарлардың еті, айран, сүт, сүттің табиғи компоненттерінен жасалған өнімдердің белгілі бір түрлері, салмасы бар макарон өнімдері.

- Сериялық сертификаттар бизнестің экспорттық жеткізілімдерде әр партияға тауардың шығу тегі туралы құжат алу қажеттілігін жоққа шығарды. Бұл экспорттық рәсімдерді айтарлықтай жеңілдетті және кәсіпкерлер үшін қаржылық та, уақытша да шығындарды қысқартты, - деп түсіндірді Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Қазақстан бастамасы бойынша сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификатты қолдану мерзімі 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.