ПХЭФ-2022: Бақыт Сұлтанов «Даму интеграциясы: жаңа көкжиектер» панельдік сессиясына қатысты

ПХЭФ-2022: Бақыт Сұлтанов «Даму интеграциясы: жаңа көкжиектер» панельдік сессиясына қатысты

Бүгін XXV Петербург Халықаралық экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов «Даму интеграциясы: жаңа көкжиектер» панельдік сессиясына қатысты.

Жаһандық пандемия, сұраныстың төмендеуі және логистикалық үзілістер бизнес-ортаға қатты теріс әсер етті. Бірақ бұған қарамастан, соңғы 5 жылда Достастық елдерінің өзара саудасында тұрақты өсім байқалуда.

«ТМД-ның ішкі өңірлік тауар айналымы 2021 жылы $115 млрд. құрады, бұл ретте, Достастық елдерінің өзара сауда үлесі біздің мемлекеттеріміздің сыртқы әлеммен жалпы тауар айналымының 18%-ын алады», - деді Бақыт Сұлтанов.

Сонымен бірге, ағымдағы жылдың төрт айының қорытындысы бойынша оң серпін байқалады-Қазақстан мен ТМД елдері арасындағы тауар айналымы шамамен 10 млрд. құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға артық.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, ТМД Төрағасы ретінде Қазақстан ТМД-ның сауда-экономикалық әлеуетін іске асыру жылдамдығы мен дәрежесі қатысушы мемлекеттердің күш-жігерін шоғырландыруға, оның ішінде қазіргі сын-тегеуріндер үшін жаңа және тиімді практикалық шешімдер әзірлеуге тікелей байланысты екеніне сенімді.

Мысалы, тауарлар мен қызметтердің еркін жеткізілуіне тікелей әсер ететін салаларда цифрлық технологияларды сапалы енгізу; көлік инфрақұрылымының сапасы мен қолжетімділігін арттыру, ТМД елдері арасында жүктердің тиімді тасымалдануы мен транзитін қамтамасыз ету, тарифтік емес реттеу саласында келісілген саясат жүргізу.

Сонымен қатар, Бақыт Сұлтановтың айтуынша, негізгі міндеттердің бірі қызмет көрсету саудасының әлеуетін іске асыру болып табылады. Достастық шеңберінде көрсетілетін қызметтердің еркін сауда аймағын құру ТМД елдері арасындағы экономикалық өзара іс-қимылды ұлғайту үшін триггер болады, бұл қатысушы мемлекеттердің ұлттық экономикаларының өсуіне оң әсер етеді.

Өз сөзінде Бақыт Сұлтанов ТМД елдерінің әлеуетін әлемдік логистикалық тізбектерде логистикалық тораптар ретінде іске асыру мәселесін де көтерді.

«Логистика қазір өте өзгеруде. Біз ТМД елдерінің аумағы арқылы өтетін және бұрын еуропалық бағытқа тартылған халықаралық транзиттік дәліздердің көпшілігі бүгінгі күнге жұмыс істемейтінін көріп отырмыз. Қалыптасқан жағдайдағы шешім баламалы маршруттарды іздеу және дамыту болып табылады. Мысалы, жүк ағынын дәстүрлі бағыттардан Транскаспий халықаралық көлік бағдарына қайта бағдарлау», - деді Бақыт Сұлтанов.

Өз сөзін қорытындылай келе, Бақыт Сұлтанов ТМД елдерінің сауда және логистикалық байланыстылығы өңірдегі геосаяси және экономикалық жағдайды ескере отырып, өзара іс-қимылдың негізгі бағытына айналуы тиіс екенін атап өтті. Сондықтан қатысушыларға оларды шешу үшін бар күш-жігерін салуды ұсынды.

Кеше Санкт-Петербургте мерейтойлық XXV Халықаралық экономикалық форум басталғанын айта кетейік. Ол маусымның 18-не дейін жалғасады. Оған 90-нан астам елдің өкілдері қатысады.