ДСҰ мүшелері азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығы мен балық аулауды қолдау мәселелерін талқылайды

ДСҰ мүшелері азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығы мен балық аулауды қолдау мәселелерін талқылайды

ДСҰ мүшелерінің сауда министрлері келіссөздерінің үшінші күні ауыл шаруашылығына қолдау көрсету, бүкіл әлемде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған.

Бүгінгі таңда әлемнің барлық экономикалары азық-түлік ресурстарының жетіспеушілігімен, соның ішінде COVID-19 пандемиясының салдарынан, халықаралық сауданың протекционизмімен байланысты көптеген қиындықтарға тап болды.

Бірқатар сессиялар барысында тараптар ДСҰ-ның COVID-19 пандемиясына ден қою нұсқаларын талқылап, экспорттық шектеулер мен тыйымдарды қолдану рәсімдерінің ашықтығын сақтаудың, халықаралық сауда рәсімдерін жеңілдетудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, ДСҰ мүшелері азық-түлік тапшылығы мәселелерін шешудің маңыздылығын атап өтті. Бүгінде планетадағы әрбір оныншы адам азық-түліктің жоқтығынан зардап шегеді. Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы бойынша талқыланатын шаралар пакетін қабылдау азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығын қолдау мәселелері бойынша ортақ мақсаттарға қол жеткізуге бейімділікті растауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, MK12 өрістеріндегі келіссөздер барысында талқыланған даулы мәселелердің бірі - балық аулау саласына бірқатар елдерде қолданылатын субсидияларды шектеу туралы келісімдер болып табылады.

«Қазақстан үшін бұл мәселе сезімтал емес, өйткені ашық теңіздер мен мұхиттарда өнеркәсіптік балық аулау туралы сөз болып отыр. Алайда, ДСҰ-ның бірқатар ірі мүшелері үшін балық аулау табысты экспорттық бап болып табылады. Дүниежүзілік мұхит ресурстарының сарқылуына жол бермеу мақсатында осы саланы субсидиялауды шектеу қажеттігі айтылады. Бұл ретте балық аулау азық-түлікпен және өмір сүру құралымен қамтамасыз ету көзі болып табылатын мемлекеттердің мүдделерін ескеру қажет»,-деп түсіндірді ҚР Сауда және интеграция Вице-министрі Жанель Кушукова.