
Құрметті достар!
Ағымдағы жылғы 16 маусымда СИМ «Ашық диалог» порталында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша онлайн-конференция өткізеді.
Онлайн-конференция сағат 15.00-дан 18.00-ға дейін өтеді.
Пайдаланушылардың сұрақтарына Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Серік Қуанышұлы Құсайынов жауап береді.
Онлайн-конференцияға сілтеме: https://dialog.egov.kz/conference/2476
Онлайн-конференцияның форматы «сұрақ-жауап» нұсқасында болатынына назар аударуыңызды сұраймыз.
Ескертпе: Онлайн-конференцияға қатысу үшін ЭЦҚ көмегімен «Ашық диалог» порталына кіру немесе логин / пароль арқылы кіруді пайдалану қажет екенін атап өтеміз.