«Көпжақты сауда жүйесінің алдында тұрған сын-қатерлер» Арнайы сессиясын өткізу қорытындысы бойынша пресс- релизі

«Көпжақты сауда жүйесінің алдында тұрған сын-қатерлер» Арнайы сессиясын өткізу қорытындысы бойынша пресс- релизі

 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ДСҰ-ның 12-ші Министрлік конференциясы шеңберінде өткен арнайы сессиянда сөз сөйледі.

Сессия көпжақты сауда жүйесінің алдында тұрған қиындықтарға арналған.

Өз сөзінде Бақыт Сұлтанов COVID-19 пандемиясы, әлемдік азық-түлік дағдарысы, дауларды реттеудің жұмыс жүйесі және ДСҰ реформаларының қажеттілігі сияқты әлемдік сауда жүйесінің іргелі проблемаларын шешудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан делегациясының басшысы Қазақстан үшін, теңізге шыға алмайтын әлемдегі ең ірі ел ретінде, өзінің сауда серіктестерімен үздіксіз қарым-қатынаста болу аса маңызды екенін тоқталды.

«Біз бұл қиындықтарды еңсеру құқықтық, экономикалық және сауда саясаты шараларын үйлестіруді көздейтін көпжақты тәсілді талап етеді деп санаймыз"" – деп өз сөзін қортындылады.