Бақыт Сұлтанов: Нью-Делиден

Бақыт Сұлтанов: Нью-Делиден

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2593673670763936&id=100003639848209&post_id=100003639848209_2593673670763936&from_close_friend=1&notif_id=1654262441761211&notif_t=close_friend_activity&ref=notifhttps://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2593671490764154&id=10000363984820

Бүгін өте қызу күн болды. Үндістан үкіметі мүшелері және кәсіпкерлерімен көптеген кездесу өткіздім.

Күнтәртібінде өзара ынтымақтастық, түрлі жобаларға инвестиция салу, өнеркәсіптік кооперация құру және тағы басқа сұрақтар болды.

Үндістан тарапынан сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның тең
төрағасы, әріптесім - Мұнай, табиғи газ министрі және тұрғын үй құрылысы мен қалалық істер министрі Хардип Сингх Пури екеуміз екі елдің ынтымақтастығы үшін көптеген маңызды мәселелерді талқыладық.


Қазақстан да, Үндістан да сауда және инвестициялық байланыстарды тереңдетуге мүдделі. Біз тек қазіргі сәтке ғана қарап қоймай, екі елдің болашақ әлеуетін бағалап отырмыз. Болжам бойынша 2030 жылға қарай Үндістан әлемнің 3-ші экономикасына айналуы мүмкін, ал Қазақстан Еуропадан Азияға, оның ішінде оңтүстіктен жүктердің құрлықтық транзитінің маңызды нүктесі болып табылады.


Біз Нью-Делиге шамамен $600 млн-ға тауарлардың 80-ге жуық түрін қосымша жеткізуге дайынбыз. Қазір өзара сауда $2 млрд-тан сәл артық, оның $1,5 млрд. Қазақстаннан Үндістанға экспорт болып табылады.