Малайзиядан Қазақстанға импорт $19,5 млн. құрады

Малайзиядан Қазақстанға импорт $19,5 млн. құрады

Нұр-Сұлтан - 2022 жылғы 23 мамыр. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қ.Қ. Төребаев пен Малайзия Сыртқы істер министрінің орынбасары К. Джаффар арасында кездесу өтті.

Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы пікір алмасты. Тараптар екіжақты сауда көлемін ұлғайту бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге уағдаласты.

Малайзия Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азия өңіріндегі жетекші сауда серіктестерінің қатарына кіреді. Малайзиялық тарап Қазақстанның Орталық Азия елдері арасындағы басты сауда әріптесі екенін хабарлады.

 "Қазақстан мен Малайзия арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-наурызда $19,9 млн. құрды. Қазақстаннан Малайзияға экспорт $344,4 мың құрады, Малайзиядан Қазақстанға импорт $19,5 млн. құрады", - деп хабарлады Қайрат Төребаев.  Бұл ретте, қазақстандық өңделген тауарлар экспортының әлеуеті өнімнің 60 атауы бойынша $519,1 млн. құрайды.

Малайзиялық тарап Қазақстанмен сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың кең спектрі бойынша ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті. Тараптар тікелей байланыстарды қалпына келтіру, сауда көрмелерін, жәрмеңкелерді және т.б. өткізу туралы келісті.

 

ҚР СИМ баспасөз қызметі