2020 жылға арналған құқықтық мониторинг жүргізу кестесі бекітілді

2020 жылға арналған құқықтық мониторинг жүргізу кестесі бекітілді

Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлықты тудыратын және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларын анықтау, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу арқылы заңнама тиімділігін бағалау мен болжау мақсатында Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы №138 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2020 жылға арналған құқықтық мониторинг жүргізу кестесі бекітілді.

Кесте 81 нормативтік құқықтық актілерге (оның ішінде 8 – заңдарға, 13 - Үкімет қаулыларына және 60-нормативтік құқықтық бұйрықтарға) қатысты құқықтық мониторинг жүргізуді көздейді.

Кесте «Норма шығармашылық қызмет» бөлімінде орналастырылған.