
2019 жылғы 24 Желтоқсанда «Алтын орда» бизнес орталығының алаңында Қазақстанның стандарттау жөніндегі Ұлттық органының (ҚазСтИн) және «QazTrade» АҚ «Сауда саясатын дамыту орталығы» басшылары мен сарапшыларының жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуде тараптар экспортты жылжыту және экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды сервистік қамтамасыз ету саласындағы өзара ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
«ҚазСтИн» өкілдері 2019 жылы экспорттаушыларды ақпараттық қолдау бойынша жүргізілген жұмыстармен таныстырды, ҚХР, Түркия, БАӘ, Иран және Германия сияқты бес басым елдер бойынша Техникалық реттеу жүйесі мен экспорт алгоритмдерінің өткізілген елдік шолулардың нәтижелерін ұсынды, экспорттаушыларға консультациялық қолдау көрсету жөніндегі институттың мүмкіндіктері туралы айтты.
"QazTrade" бүгінгі таңда сауда мен тауар айналымының статистикалық көрсеткіштерін талдау негізінде қазақстандық өнімдер тізбесі мен экспорттың басым нарықтары бойынша ұсыныстар қалыптастыратынын атап өтті. Атап айтқанда, ЕАЭС шеңберінде еркін сауда аймақтары туралы келісімдер жасалған елдерге экспорттау үшін өнімнің перспективалы түрлері қаралды, бұл экспортталатын қазақстандық өнімдер үшін барынша тиімді тарифтік шарттарды білдіреді: Вьетнам, Үндістан, Египет, Сербия, Сингапур, Израиль.
Сондай-ақ, "QazTrade" сарапшылары «экспортты акселерациялау» бағдарламасы аясында отандық өнім экспортын жылжыту бойынша өз жоспарлары туралы айтып берді.
Кездесуге қатысушылар қазақстандық экспорттаушыларды қолдау жөніндегі жұмыстарға күш-жігерді біріктіру қажет деген ортақ пікірге келді: «ҚазСтИн» басым экспорттық нарықтарда өнімді тарифтік емес реттеу мәселелерінде сараптамалық қолдау көрсете алады, " QazTrade " - дан мұндай сараптамалық қолдау қандай елдер мен өнім түрлері бойынша неғұрлым сұранысқа ие болатынын, қандай елдер бойынша 2020 жылы талдау жұмысын жалғастыру қажет екенін бағдарлау талап етіледі.
Тараптар техникалық реттеудің ерекшеліктері, стандарттардың міндетті талаптары және өнімнің нақты түрлері үшін экспорттың басым елдерінің нарығына қол жеткізу мүмкіндігі туралы консультациялық қызметтер көрсету бөлігінде экспорттық акселерация бойынша " QazTrade" жұмысына «КазИнСт» қатысуға келісті.