Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының құқығы бойынша консультативтік орталықпен өзара әрекеттесуді нығайтуда

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының құқығы бойынша консультативтік орталықпен өзара әрекеттесуді нығайтуда

2019 жылғы 13 желтоқсанда Женевада Қазақстан Республикасының ДСҰ құқығы бойынша консультативтік орталыққа қосылуы туралы хаттамаға қол қойылды.

Қазақстан Республикасының Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі, Елші            Ж Айтжанова консультативтік орталықпен ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Қазақстанның аталған ұйымға кіруі біздің Мемлекет ҚР тауарларына қатысты демпингке қарсы шараларды қолдануға қатысты ДСҰ-ға мүше кейбір елдермен дауларды шешу бойынша ДСҰ рәсімдері шеңберінде консультацияларға бастама жасауына байланысты уақтылы болып табылады.

ДСҰ құқығы бойынша консультативтік орталық ДСҰ-дан тәуелсіз халықаралық ұйым бола отырып, ДСҰ алаңында дауларды шешу кезінде өз мүшелеріне заң көмегін қамтамасыз етеді, сондай-ақ ДСҰ құқығы бойынша семинарлар арқылы мемлекеттік қызметшілер үшін дайындық жүргізеді.