СИМ қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

СИМ қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

2022 жылғы 23 наурызда "Birge – taza Qazaqstan" республикалық акциясы және экологиялық айлық шеңберінде ҚР Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері аумақтарды жинау бойынша жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Сенбілікке комитеттер, сондай-ақ Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары қатысты.

Іс-шара барысында ведомство қызметкерлері қыс мезгілінен кейін қала аумағын, рекреациялық аймақтарды, саябақтарды, скверлерді, аулаларды, сондай-ақ сауда, қоғамдық тамақтану объектілеріне (Сығанақ - Ұлы-Дала - Қабанбай батыр) іргелес аумақтарды тазалады.

Естеріңізге сала кетейік, жалпықалалық сенбіліктердің негізгі мақсаты қоғамның назарын қала көшелерінде тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне аудару болып табылады.

Көшелер мен аулаларды абаттандыруды жақсартуға ниетті қала тұрғындары мен ұйымдар өз үлестерін қоса алады.