Қазақстандық кәсіпорындар экспортты $228,9 млн-ға арттыра алады

Қазақстандық кәсіпорындар экспортты $228,9 млн-ға арттыра алады

Бүгін, 2022 жылғы 12 сәуірде, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Беларусь Республикасының Қазақстандағы Елшісі Павел Утюпинмен кездесті. 

Кездесу барысында тараптар 2021 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымының 15,7% - ға өскенін атап өтті ($742,2 млн-нан $858,7 млн-ға дейін). ҚР - дан РБ-ға экспорт 26,3% - ға өсіп, $97,6 млн құрады (2020 ж. - $77,3 млн.). ҚР-ға РБ-дан импорт 14,5% - ға өсіп, $761,1 млн. құрады (2020 ж. - $664,9 млн.)

Қайрат Төребаев геосаяси ахуалдың сақталып отырғанына қарамастан, ағымдағы жылы тауар айналымындағы оң үрдісті сақтау қажеттігін атап өтті.

Қазақстан тарапы қазақстандық кәсіпорындар экспортты $228,9 млн-ға өсіре алатын 100 қазақстандық шикізаттық емес экспорттық тауарлар тізбесінің Беларусь тарапына жіберілгені туралы хабарлады.

Тараптар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы 2021-2022 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы іс-шаралар бағдарламасының (жол картасы) орындалу барысын талқылады және келесі кезеңге жол картасын әзірлеу бойынша жұмысты бастауға уағдаласты.

Жалпы, сауда-экономикалық ынтымақтастық аясында дәстүрлі түрде өнеркәсіптік кооперацияға баса назар аударылатыны аталып өтілді.

"Өнеркәсіптік кооперацияның негізгі бағыттарының бірі машина жасау болып табылады. Қолда бар мүмкіндіктерді ескере отырып, Қазақстан өндірісті барынша оқшаулауға мүдделі," - деді Қайрат Төребаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Беларусь тарапымен бірлесіп 7 жоба іске асырылды, олар бойынша жұмыс жоспарлы режимде жүргізілуде. Жобалардың жалпы сомасы 44,5 млрд.теңге ($102,1 млн.), 1,6 мың жұмыс орнын құрумен.

ҮАК-тің 2022 жылғы маусымға жоспарланған кезекті отырысына дайындық аясында Беларусь тарапы көлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы бойынша отырыстарды ұйымдастыру қажеттілігін атап өтті.