Е-commerce трендтері

Е-commerce трендтері

QazTrade компаниясы экспорттаушыларды ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде апта сайын қазақстандық экспорт саласындағы соңғы оқиғалар туралы өзекті ақпаратпен, сондай-ақ әлемдік нарықтардағы негізгі трендтер мен үрдістер туралы талдамалық материалдармен ақпараттық дайджест қалыптастырады. Дайджесттер QazTrade export.gov әлеуметтік желілерінің ресми беттерінде, телеграмм-арнада және топта жарияланады.

Цифрландырудың дамуымен e-commerce саласы әлемдік экономикадағы негізгі өзгерістердің драйверіне айналды, ал COVID-19 пандемиясы электрондық коммерцияға қосымша серпін берді. Тұтынушылық әдеттердің өзгеруі, сатып алушының назарын аудару үшін күрес компанияларды бизнесті онлайн режимінде жүргізуге мәжбүр етті. E-commerce ұстанымдарын нығайтуды жалғастыруда - QazTrade сарапшылары e-commerceнің әлемдік және қазақстандық бөлшек сауда айналымында ұзақ өсуін болжауда.

Қазақстанда е-commerce дамуының соңғы жылдарында QazTrade фудтех-агрегаторлардан бастап постоматтар желісін кеңейтуге және байланыссыз жеткізу әдістеріне дейін көптеген трендтерді атап өтті. Соңғы дайджест электрондық коммерцияның 2022 жылдың сәуіріне қатысты трендтерін ұсынады.