
Бүгін ү.ж. 16 наурызда ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Әбенов және Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымының өкілдері Еуропалық инвестициялық банк (ЕИБ) делегациясымен және ҚР-дағы ЕО өкілдігімен жұмыс кездесуіне қатысты.
Бүгінгі таңда ЕИБ келесі жобаларды жүзеге асыруды қарастыруда:
- Климаттың өзгеруі және қоршаған ортаны қорғау проблемаларын шешуге бағытталған қазақстандық бағдарламаларды іске асыру бойынша инвестициялық жобаларға микрокредит беру мақсатында техникалық көмек және инвестициялық гранттар беру;
- Әлеуметтік жобалар үшін қосымша инвестициялар,
- ЕО институттарымен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға арналған жобалар.
Кездесу барысында келесі өзекті бағыттар бойынша ынтымақтастық және қаржыландыру мүмкіндіктері талқыланды:
зертханалық базаны жаңғырту бойынша;
көміртегі бейтараптылығы саласындағы халықаралық стандарттарды енгізу бойынша халықаралық сарапшыларды тарту;
ЕО нарығына жеткізілетін органикалық өнімді сертификаттауды жүргізуге ЕО уәкілетті органдарынан тиісті тануды алу мүмкіндігі;
еуропалық сертификаттау ұйымдарымен әріптестік орнату;
қазақстандық оқушылардың стандарттар бойынша халықаралық олимпиадаға қатысуын қаржыландыру.
қаралық олимпиадаға қатысуын қаржыландыру.