Тауардың сыртқы экономикалық қызмет номенклатурасын әккредиттелген субъектілермен қолдануы туралы

Тауардың сыртқы экономикалық қызмет номенклатурасын әккредиттелген субъектілермен қолдануы туралы

Үстіміздегі жылдың 6 қарашада Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша Департаментінде аймақта өрналасқан әккредиттелген субъектілердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. «Ұлттық әккредиттеу орталығы» ЖШС-нің мәліметі бойынша Алматы облысында 22 субъект тіркелген, оның ішінде сынақ зертханалары мен орталықтар және сәйкестікті растайтын мекемелер бар. Дөңгелек үстелде әккредиттелген субъектілердің сәйкестікті растау барысында тауардың сыртқы экономикалық қызмет номенклатурасын қате тіркелуі анықталып жатқаны туралы мәлімет берілді.

Таурдың сыртқы экономикалық қызмет номенклатурасы (Т СЭҚ Н)- логикалық принциппен құралған иерархиалық ағаш тәсілді 21 секция және 5000 астам тақырыптан тұратын химиялық құрамы және өндіруі, пайдалануы негізінде жасалынған өнімнің номенклатурасы.

Департамент басшысы Бахитжан Мұхтаров өз сөзінде әккредиттелген субъектілердің сәйкестікті растау барысында тауардың сыртқы экономикалық қызмет номенклатурасын қате тіркелуіне жол бермеуіне назар аударды, себебі сәйкестікті растайтын құжаттар Ұлттық кәсіпкерлер палатасының индустриалды сертификатын алу барысындағы негізгі құжаттардың бірі болып табылады.

«Т СЭҚ Н онлайн» ақпараттық-іздеу жүйені қолдану туралы мәліметті Департамент басшы орынбасары Б.Омарова дөнгелек үстелге қатысушыларға ұсынды.

Департамент бас маманы Г.Әбдірәсілова сәйкестіктін анықтау мақсатында өнімді сәкестендіруі туралы айтып өтті.