
Бүгін 7 қарашада Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастығының «Трансшекаралық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері» форумы Омбы қаласында жалғасуда, онда тек практикалық мәселелер көтеріледі.
Ұлттық экспорттаушыны құру қажет екеніне Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі сенімді және солай жасайды.
Бұл немене? Неліктен әрбір қазақстандық экспорттаушы бұл туралы білуі керек? Және Қазақстан өз экспорттаушысын қалай құрмақшы?
Форум алаңында бұл туралы маңызды мәлімдемелерді «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығының басшысы Арман Әбенов жасады. Бұл мәлімдемелер ҚР мен РФ мемлекет басшыларының өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі күш-жігерінің аясында өзекті болып отыр.
QazTrade – бұл аналитикалық ұйым және ҚР Сауда және интеграция министрлігінің жанынан жұмыс істейді.
QazTrade-тің негізгі міндеті - экспортты ұлғайтуға және отандық тауарларды өткізу нарықтарын кеңейтуге жағдай жасау. Жаңа философияның орталық сәті - АКСЕЛЕРАЦИЯ немесе экспортқа бағытталған тауар өндірушіні өсіру.
QazTrade өкілі Айымгүл Белдеубаева форумда айтып өткендей, экспортты жеделдету бағдарламасын іске асыру қазақстандық кәсіпкерлерге компанияны экспорт мәселелері бойынша қарқынды дамытып, күшті және әлсіз жақтарын талдауға, компанияның сараптамалық бағасын беруге, оқытуға, сондай-ақ акселератор қатысушыны жаңа нарықтарға шығаруға және сүйемелдеуге, шетелдік контрагенттермен келісімшарттарға қол қоюға мүмкіндік береді.
- Біздің шикізаттық емес тауарлар мен қызметтерді экспорттаушыларын диагностикалау бізге экспорттаушылардың мақсатты топтарын анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорындардың диагностикасы негізінде экспорттаушылар мәселелерінің интерактивті картасы жасалады, - деп түсіндірді А. Белдеубаева енгізілетін жұмыс әдістері туралы.
«QazTrade» базасында экспорттаушыларға қызметтердің кең спектрін ұсынатын ақпараттық-аналитикалық портал құрылуда.
«Бірыңғай терезе» арқылы кәсіпорындарға келесі қолдау көрсетіледі:
- кәсіпорынның және оның тауарларының экспорттық әлеуетін тәуелсіз бағалау;
- әлеуетті импорттаушының нарықтық талдауы және тауарларды жылжыту үшін маркетингтік кампанияны өткізу;
- шетелдік өнеркәсіп пен ел нарықтарын терең және жан-жақты талдау;
- сыртқы нарықтарға кірудегі сауда кедергілерін зерттеу және оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу.
QazTrade аймақтық және халықаралық филиалдары Қазақстанда және одан тыс жерлерде құрылады, олар тауарларды жылжытудың барлық мәселелерін нақты шешеді.
Аймақтарда – бұл QazTrade экспорттаушыларын қолдау орталықтары болады. Олар ШОБ субъектілеріне ұйымдастырушылық, кеңестік және ақпараттық қолдау көрсетеді және аймақтық кәсіпорындардың сыртқы нарыққа шығуына ықпал етеді.
Елден тыс жерлерде кәсіпкерлерге QazTrade сату өкілдерінің желісі көмектеседі.
Қазақстандық өнімді шетелде әйгілеу - бұл сату өкілдерінің алдында тұрған міндет. Оған халықаралық сауда мәселелерін басшылыққа алатын, қабылдаушы елдің ерекшеліктерін, нарықты, тұтынушылық мәдениетті білетін, ең бастысы, отандық өндіруші мен шетелдік сатып алушы арасында сауда орнатуға мүмкіндік беретін іскерлік дағдылары бар жоғары білікті мамандар қатысады.
Электрондық сауда алаңдары (ЭСА) арқылы экспортқа тауарларды жылжыту - бұл экспортты сатудың жаңа арнасы. Қолданыстағы және әлеуетті экспорттаушылар шығындарды азайта отырып, Интернет арқылы бүкіл әлем бойынша кеңейту мүмкіндігіне ие болады. Электронды сауда платформасы арқылы сауданың ерекшелігі кең қаржылық мүмкіндіктері мен құзыреті жоқ ең кіші өндірушілер де делдалдық құрылымдардан аулақ болып, өз тауарларын бүкіл әлемде сата алатындығында болады.
Сонымен қатар, export.gov.kz порталы құрылды. Мұнда экспорттаушыға барлық қажетті ақпаратты, оның ішінде Қазақстанның экспорттық қызығушылығы бар тауарлар, ең тартымды сату нарықтары және статистика туралы ақпарат алуға болады. Порталда шетелдік тұтынушыларға қазақстандық контрагенттерді табуға мүмкіндік беретін қазақстандық экспорттаушылар мен олардың өнімдерінің тізілімі орналастырылады.