
Мемлекет басшысының «өндірушіден тұтынушыға дейін» тізбегі бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына бірыңғай мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде Үкімет шот-фактуралар арқылы ӘМАТ бағаларына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеп жатыр.
Сауда министрлігі азық-түлік тізбегі ысырабын азайту, бағаларды тұрақтандыру, сауда инфрақұрылымын дамыту және экспорт арналарын құру мәселелерін кешенді шешуге мүмкіндік беретін көтерме-тарату орталықтарының желісі инфрақұрылымы түрінде Ұлттық тауар өткізу жүйесін құру бойынша жұмыс істеуде.
Ұлттық тауар өткізу жүйесін құру шеңберінде сауда тізбегінің барлық кезеңдерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын мониторингілеудің цифрлық инфрақұрылымы әзірленуде.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі. Ол арқылы Министрлік әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын өндірушіден сауда желілеріне дейінгі аралықта (делдалдарды алып тастау мақсатында) қадағалауға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде ҚР Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәнін және шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларын белгілеудің қолданыстағы әдістемесін қайта қарау бөлігінде оларға шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу қағидаларына түзетулер дайындады. Бүгінгі күні бұйрық жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісуде.
СИМ уәкілетті мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, ӘМАТ тауар бағасын тұрақтандыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік базарларында монополияға қарсы орган мынадай жұмыс жүргізді:
Сондай-ақ инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі 2022 - 2024 жылдарға арналған кешенді шаралар мақұлданды. Іс-шаралардың басым бөлігі азық-түлік инфляциясын болдырмауға бағытталған.
Бағаны ұстап тұру мақсатында:
Бұдан басқа, цифрлық үкімет кеңсесінде апта сайын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ә. Смайыловтың төрағалығымен орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен өңір әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізіледі, онда ӘМАТ тауарларының әрбір атауы бойынша проблемалық мәселелер қаралады.
Алтын орда базарында делдалдарды анықтау бойынша тексеру басталды.
Анықтама:
Жыл басынан бері 1 наурыздағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 2,1% - ды құрады. Қырыққабат - 42,4%, картоп – 9,1%, сәбіз – 6,3%, тұз – 3,8%, пияз – 3,5%, нан – 2,8%, қант – 2,7%, қарақұмық жармасы – 2,3%, сүт – 2,1%, айран – 1,8%, сары май – 1,3%, тауық еті – 0,9%, ұн – 0,7%, рожки – 0,7%, сүзбе – 0,6%, сиыр еті – 0,2%, күріш – 0,1%, күнбағыс майы – 0,1% қымбаттаған.
Жұмыртқа бағасының төмендеуі байқалады-2,7%.