ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Ардақты аналар! Аяулы апа-қарындастар!

 

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің шуақты мерекесі қашанда жүрегімізді сүйіспеншілікке, мейірім мен шапағатқа бөлейді.

 

Әйел азаматтар отбасының ғана емес, мемлекетіміздің берекесі, мерейі. Арулар игере алмайтын, жетістікке жете алмайтын сала жоқ!

 

Біздің ұжымда шамамен 50% қызметкер – әйелдер қауымы. Сарапшыдан бастап вице-министрге дейінгі лауазымда қызмет атқарады. Отанымыздың дамуына үлес қосып, түрлі салада жетістікке жетіп келеді.

 

Мереке күнін пайдалана отырып баршаңызға алғыс айтамын! Мықты денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!