
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметі, биржалық сауданы дамыту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Министрлік Биржалық сауда қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) жобасын әзірледі.
Биржалық сауда ережелерінде келесі негізгі нормалар қарастырылған:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың төрағалығымен мүдделі мемлекеттік органдармен және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп Қағидалар нормаларын талқылау бойынша кеңес өткізілді.
Талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтанов Қағидалардың жекелеген нормаларын одан әрі пысықтау жөнінде тапсырма берді.