Сауда министрлігі: гүлдер тауар айналымы 44,2 млн. $ құрады

Сауда министрлігі: гүлдер тауар айналымы 44,2 млн. $ құрады

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда кесілген гүлдер мен бүршіктердің тауар айналымы 2021 жылы 44,2 млн. АҚШ долл. құрды деп хабарлайды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 34,3% - ға жоғары (32,9 млн. АҚШ доллары).

Өз кезегінде, Қазақстанның гүл экспорты 2021 жылы 18,6% - ға төмендеп, 2,4 млн. АҚШ долларын құрды.

Сондай-ақ, Қазақстан гүлдердің келесі түрлерін экспорттайтыны аталып көрсетілген: раушан - 1,6 млн. АҚШ долл. (үлесі 66,5%), қалампыр – 293,8 мың. АҚШ долл. (12,1% үлесімен), басқа да кесілген гүлдер мен бүршіктер – 257,7 мың АҚШ долл. (10,6% үлесімен), хризантемалар – 210,8 мың АҚШ долл. (8,7% үлесімен), лалагүлдер – 24,1 мың АҚШ долл. (1,0% үлесімен), гүл шоқтары немесе сәндік мақсаттар үшін кесілген гүлдер мен бүршік – 14,1 мың АҚШ долл. (0,6% үлесімен), орхидеялар – 8,9 мың АҚШ долл. АҚШ долл. (0,4% үлесімен), ранункулус – 4,2 мың АҚШ долл. (0,2% үлесімен).

Өз кезегінде, 2021 жылы Қазақстанға гүл импорты 39,6% - ға өсіп, 41,8 млн. АҚШ долларын құрды.

Қазақстан раушандарды импорттайды - 28,4 млн. АҚШ долл. (68,0% үлесімен), өзге де кесілген гүлдер мен бүршіктер – 5,0 млн. АҚШ долл. (12,0% үлесімен), хризантема – 4,8 млн. АҚШ долл. (үлесі 11,4%), лалагүлдер – 1,4 млн. АҚШ долл. (үлесі 3,3%), қалампыр – 1,1 млн. АҚШ долл. (2,7% үлесімен), сіңірілген немесе басқа тәсілдермен өңделген гүлдер мен бүршіктер – 819,7 мың. АҚШ долл. (2,0% үлесімен), орхидеялар – 158,4 мың АҚШ долл. АҚШ долл. (0,4% үлесімен), ранункулус – 65,8 мың. АҚШ долларымен (0,2% үлесімен).

 

 

ҚР СИМ  Баспасөз қызметі