
Құрметті БАҚ өкілдері! Сіздерді Қазақстан мен Орталық Азияның ШОК-ты өз экспортын басқаруға оқыту бойынша қорытынды шығарылатын іс-шараға қатысуға шақырамыз.
Экспорттауға үйрететін жобаның мақсаты Орталық Азияның 5 елінде өңірішілік және халықаралық сауданы дамытуды қолдауға бағытталған.
Экспортты басқару мәселелері бойынша коучинг (Export Management Coaching Initiative) жобасының компоненті шағын және орта кәсіпорындардың (ШОК) трансшекаралық талаптарды (соның ішінде сапа стандарттарын, техникалық регламенттерді, тиісті преференциялық сауда схемаларын / GSP + қоса алғанда) сақтау қабілетін арттыруға бағытталған.
Ready4Trade Орталық Азия жобасының «Экспортты басқару мәселелері бойынша коучинг» компонентін іске асыру бойынша ресми іс-шара 2022 жылғы 18 наурызда Алматы қаласында (Kazzhol Park Hotel қонақ үйі, Наурызбай батыр 108) өтеді.
Ұйымдастырушылар: *Халықаралық сауда орталығы (ХСО) және Қазақстандағы ЕО өкілдігі.
Қатысушылар: Қазақстан және ОА елдері, донор – Қазақстандағы ЕО өкілдігі, ұлттық серіктестер (ҚР Сауда және интеграция министрлігі, QazTrade және ОА елдерінен т.б.), ХСО үйлестірушілері, ұлттық коучтер, бенефициарлар – ШОК.
Іс-шараның мақсаты: ШОК коучингін қорытындылау, ұлттық серіктестермен коучинг нәтижелерін талқылау, сондай-ақ ШОК үшін оқу миссияларын ұйымдастырудан алынған сабақтарды талдау.
Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар алдағы уақытта бұл жобаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін өз ескертулері мен ұсыныстарын айта алады.
Анықтама үшін: Ready4Trade Орталық Азия - бұл Еуропалық Одақ қаржыландыратын және Халықаралық сауда орталығы ұлттық әріптестермен тығыз ынтымақтастықта іске асыратын 4 жылдық жоба (2020-2023 ж.ж.).
Тұтастай алғанда, өңірішілік және халықаралық сауданы дамытуға халықаралық талаптардың ашықтығын арттыру, нормативтік және рәсімдік кедергілерді жою, сауда формальдылықтары мен стандарттарын сақтау жөніндегі бизнес-мүмкіндіктерді күшейту есебінен, сондай-ақ трансшекаралық электрондық сауданы жақсарту арқылы қол жеткізілетін болады.
*ХСО – бұл ДСҰ мен БҰҰ-ның сауданы дамытудың іскерлік аспектілері саласындағы бірлескен агенттігі және дамушы және өтпелі экономикасы бар елдермен сауданы көтермелеу және экспортты дамыту саласындағы техникалық ынтымақтастық жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесіндегі басты үйлестіру орталығы болып табылады.