
Сауда кәсіпорындарының қауымдастығы азық-түлік саудасының барлық қатысушыларына жүгінеді!
Әріптестер! Қазақстанда терроризмге қарсы операция жүргізу және төтенше жағдай режимін енгізу жағдайында халықтың азық-түлік тауарларына дүрлікпе сұранысын пайдаланбауды және алыпсатарлық баға белгілеуге жол бермеуді сұраймыз.
Билік елдің елді мекендері бойынша азық-түлік тауарларын үздіксіз жеткізу үшін жағдай жасауда. Бүгінгі таңда негізгі азық-түлік қоры жеткілікті. Терроризмге қарсы іс-қимыл белсенді жүргізіліп жатқан қалалардың елді мекендерінде және жекелеген аудандарында іркілістер туындауы мүмкін. Бұл құбылыс қысқа мерзімді.
Сауда кәсіпорындары қауымдастығының мүшелері қарақшылардың іс-әрекеттері нәтижесінде келтірілген елеулі залалды өтеуде мемлекеттің көмегіне үміттенеді.
Күш құрылымдары ең жақын уақытта бүкіл ел аумағында конституциялық тәртіпті қалпына келтіруді қамтамасыз ететініне сенімдіміз.
Біз Отанымызды террористерден қорғау үшін бірігуге шақырамыз! Біз барлық сын-қатерлер мен қиындықтарды бірге еңсереміз!
Қазақстан сауда кәсіпорындары қауымдастығының Президенті Жібек Әжібаева
+77052645790