ШЫҰ-ның 20 жылдығына арналған мерекелік медальдар сауда министрлігінің басшылығына табысталды

ШЫҰ-ның 20 жылдығына арналған мерекелік медальдар сауда министрлігінің басшылығына табысталды

Бүгін, 24 желтоқсанда Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ерлік Әли Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа және Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевқа "Шанхай ынтымақтастық ұйымына 20 жыл" мерейтойлық медальдарын салтанатты түрде табыс етті.

Мерекелік медальмен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік қызметшілері мен қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құруға, қалыптастыруға және дамытуға үлкен жеке үлес қосқан ШЫҰ шеңберіндегі үкіметтік емес құрылымдардағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты жұмыс істейтін органдарының лауазымды адамдары мен өкілдері наградталады.

Анықтама. Медаль сары түсті металдан жасалған дөңгелек нысанда - жезден жасалған, оның аверсінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы эмблемасының бедерлі бейнесі орналастырылған, ал реверсінде рельефте ШЫҰ-ның екі жұмыс тілінде жазылған: "Шанхай ынтымақтастық ұйымына 20 жыл, 2001-2021"деген жазу орналасқан.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің шешімімен бекітілген мерекелік медаль туралы ережеге сәйкес ШЫҰ-ға мүше әрбір мемлекет үшін мерейтойлық медальдардың саны 100 дананы құрайды.