
Бүгін МЭК Бас Ассамблеясы аясында Dubai EXPO -ның қазақстандық павильоны аумағында ҚазСтандарт басшылығының Әмірліктердің халықаралық аккредиттеу орталығы (EIAC) өкілдерімен кездесуі өтті.
EIAC-2005 жылдан бастап Дубай әмірлігінің аккредиттеу жөніндегі тәуелсіз мемлекеттік органы. EIAC-ті жетекші өңірлік және халықаралық ұйымдар мойындаған. Бұл елдің әлемдік экономикалық аренадағы орнын арттырады, өнімдердің, аккредиттелген сәйкестікті бағалау органдарының тұтастығын қамтамасыз етеді және жаһандық саудаға ықпал етеді. Құру туралы Заңға сәйкес (№27/2015) EIAC Дубайды ислам әлемінің астанасы және халықаралық танылған халал сәйкестік аккредитаторы ретінде көрсетуге тырысады.
Халал индустриясын дамыту-Қазақстан экономикасы үшін басым міндеттердің бірі. Индустрия қарқынды дамып келеді және біздің елімізде, бүкіл әлемде даму әлеуеті мол.
Қазақстан мен БАӘ тауарларды импорттау және экспорттаусаласында тығыз ынтымақтастықта. 2021 жылдың бірінші жартысында Қазақстан БАӘ-ге 480 млн. долларға шикізат жеткізді. Біріккен Араб Әмірліктері өз кезегінде иммунологиялық препараттар мен ішкі жану қозғалтқыштарын жеткізуші болып табылады. 2021 жылғы қаңтардан тамызға дейін Қазақстан бұл тауарларды 58 млн.доллар сомасына импорттады.
Кездесу нәтижесінде халал өнімдерінің сәйкестігін бағалау жөніндегі қазақстандық органды аккредиттеу туралы келісімге қол қойылды, ол БАӘ-де ресми түрде танылатын болады.