Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда тауарларды таңбалау мәселелері бойынша онлайн-конференция өткізеді

Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда тауарларды таңбалау мәселелері бойынша онлайн-конференция өткізеді

Құрметті достар!

 

Сауда және интеграция министрлігі "Ашық диалог" порталында өткізілетін Қазақстандағы тауарларды таңбалау мәселелері бойынша онлайн-конференцияға қатысуға шақырады.

Онлайн-конференция ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде сағат 14.30-дан 17.30-ға дейін өтеді.

Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Халықаралық ынтымақтастық және мониторинг басқармасының сарапшысы Нұрлыбай Нұралы жауап береді.

 

Онлайн-конференцияға сілтеме: https://dialog.egov.kz/conference/2013

 

Онлайн-конференцияның форматы "сұрақ-жауап" нұсқасы болып табылатынына назар аударуыңызды сұраймыз.

 

Ескертпе: Онлайн-конференцияға қатысу үшін ЭЦҚ көмегімен "Ашық диалог" порталына кіру немесе бір реттік парольді пайдалану қажет.