Бақыт Сұлтанов: Баку қаласына жұмыс сапары туралы

Бақыт Сұлтанов: Баку қаласына жұмыс сапары туралы

https://www.facebook.com/bakhyt.sultanov 

Үлкен делегациямен Бакуге келдік.

Мұнда сауда-экономикалық миссия өтеді, оған тамақ өнеркәсібі, машина жасау, IT, медицина, металл илегі, мұнай химиясы, құрылыс материалдары мен жабдықтарын өндірумен айналысатын компанияларымыз қатысады.

Айта кетейік, біз жолда болғанда, IT-шешімдер саласында жұмыс істейтін жергілікті, әзірбайжандық компания Қазақстанда бизнес-серіктестер мен өндірушілер іздеуде екенін айтқан болатын.

Біздің компанияларымыз өз өнімдерін және экспорттық мүмкіндіктерін түркі әлемінің барлық елдеріне ұсынады-Біздің миссиямыз Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің экономика және сауда министрлерінің 10-шы отырысы күндері өтуде.

Жақында мен сауда-экономикалық миссиялардың жұмысына сыни баға бергенін оқыдым, оларждың нәтижесі мен әсері жоқ деген секілді ой шығады екен. Мен бұған келіспеймін. Өткізілген алты сауда-экономикалық миссиялар арқасында жыл басынан бері 163 миллионға 40 келісімшарт жасалды. Тағы бір жүз миллион жаңа келісімшарттардан күтіледі - олар қазір қол қоюға дайындық кезеңінде.

Сауда-экономикалық миссияға қатысу 100% келісім-шарт жасасуға кепілдік бермейтінімен келісемін, бірақ әртүрлі елдер бизнесінің жеке байланыстары нығайып келеді.

Бизнес бір-бірімен танысып жатқанда, біз әзербайжандық әріптестерімізбен үкіметаралық комиссияның кезекті 11 отырысын өткіземіз.

Күн тәртібінде сауда-экономикалық ынтымақтастықтың барлық салаларын қамтитын мәселелер бар. Оның ішінде, екі ел бизнес орталарының диалогы үшін "Қазақстан - Әзірбайжан Іскерлік кеңесі"платформасын құру да бар.

Бүгін біз Әзірбайжан экономика, қорғаныс өнеркәсібі, көлік, байланыс және жоғары технологиялар министрліктерінің басшыларымен екіжақты кездесулер өткіземіз.

Қолдан келгенше келіссөздер барысы туралы сіздерге хабарлайтын боламын.