ЕАЭО органикалық өнімінің ортақ нарығын құру перспективалары

ЕАЭО органикалық өнімінің ортақ нарығын құру перспективалары

Ағымдағы жылғы 20 тамызда Шолпан-Атада Еуразиялық экономикалық одақтың Премьер-министрлері Еуразиялық экономикалық одақтың Органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру жөніндегі Жол картасын бекітті.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің нарықтарында органикалық өнімді тану және кедергісіз сату жөніндегі негізгі ережелер реттелетін халықаралық шартты әзірлеу болжанып отыр.

Осы мақсатта ұлттық заңнамалардың органикалық өнімді таңбалауға және ілеспе құжаттарға қойылатын талаптарын үйлестіру және біріздендіру қажет болады. Органикалық өнім өндірісін сертификаттау жүйелерін өзара тану күтілуде.

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының деректері бойынша органикалық ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің әлемдік нарығы 106 млрд.еуродан астам соманы құрайды.

Алайда, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтарында органикалық өнімнің үлесіне жыртылатын аумақтардың жалпы ауданының тек 1%-ы ғана келеді.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экспортындағы органикалық өнімнің үлесін ұлғайту мақсатында Жоспарда тиісті ұсынымдарды әзірлеу қарастырылады.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде 2023 жылға қарай Еуразиялық экономикалық комиссия мен Органикалық ауыл шаруашылығы қозғалысының халықаралық федерациясы (IFOAM) мен Органикалық ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (FIBL) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою жоспарлануда.

Өндірісті, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы өзара тауар айналымын және үшінші елдермен органикалық өнім саудасын есепке алу мақсатында ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірленетін болады.

Органикалық өнім нарығын 2025 жылға қарай қалыптастыру жоспарлануда.