
Құрметті кәсіпкерлер!
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен QazTrade Alibaba.com платформасында «Алтын жеткізуші» мәртебесі бар шоттармен қамтамасыз етілетін қазақстандық ұйымдардың іріктеуінің қорытындысын жариялауға қуанышты.
2021 жылғы маусым-шілдеде www.export.gov.kz порталына қазақстандық компаниялардан іріктеуге қатысуға өтінімдер келіп түсті.
Іріктеуге қатысуға 100 -ден астам электронды өтінім берілді және өңделді. Құжаттар іріктеу ережесінде белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігіне қаралды. Іріктеу нәтижелері бойынша бағалау кезеңінен өткен Alibaba платформасында «Алтын жеткізуші» мәртебесі бар шоттармен қамтамасыз етілетін 50 қазақстандық ұйымдардың (өндірушілер мен сауда компанияларының) тізімі құрылды. Сонымен қатар, резервтік ұйымдардың тізімі құрылды, оған 7 компания кірді.
Таңдалған ұйымдарға «Alibaba.com» халықаралық электронды сауда алаңына «Алтын жеткізуші» ретінде 12 ай бойы сервистік қолдау көрсетіле отырып, рұқсат беріледі.
Біз ұйымдарды үш жұмыс күні ішінде «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы акционерлік қоғамымен келісімге қол қоюға шақырамыз.
Барлық сұрақтар бойынша қоңырау шалыңыз. +7 777 999 94 73, +7 701 720 59 23 Alibaba платформасында «Алтын жеткізуші» мәртебесі бар шоттармен қамтамасыз етілетін қазақстандық ұйымдардың (өндірушілер мен сауда компаниялары) тізімі.
Негізгі компаниялар:
Резервтік компаниялар: