БАҚЫТ СҰЛТАНОВ : ЕАЭО-ның аясында отандық кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау туралы

БАҚЫТ СҰЛТАНОВ : ЕАЭО-ның аясында отандық кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау туралы

https://www.facebook.com/bakhyt.sultanov 

Қазіргі заманғы саудада, әсіресе халықаралық саудада, сатылатын өнімнің болуы ғана емес, сонымен қатар берілген стандарттарға сәйкес келетін сапалы өнімнің болуы маңызды.

 

Техникалық реттеу саласы-өнім, технология және қызмет көрсету сапасқорғаудыңген кедергілер алынып тасталады (ең дұрысы, әрине). Бұл жерде қандай да бір техрегламенттерді, олардың нормалары мен енгізу мерзімдерін қабылдауда елдік лобби маңызды рөл атқарады және ең бастысы одақтағы әріптестерімізден олардың «Айнадай» орындалуын талап ету керек. Өйткені кішкене еркіндік берсен , 2011 жылы қабылданған «азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техрегламенті секілді әлсіз болады. Техрегламентте көптеген жылдар бойы шоколад деп аталатын тауарды, оны түрлерге қалай бөлуге болатындығын, қалай атауға болатындығын, қауіпсіздіктің нақты параметрлерін анықтайтын түзетулерді талқылауда болды.

 

Техникалық регламенттердің қолданыстағы нормалары барлығын шоколад деп атауға мүмкіндік береді. Ал «шоколадты» сатып алушылар іс жүзінде пальма майымен (какаоның орнына), бірақ шоколад атауымен сатып ала алады. Тиісінше, барлық елдердің адал кондитерлері осындай сапасыз бәсекелестіктің салдарынан шығынға ұшырайды.

 

ЕАЭО-да әзірленетін техрегламенттердің қандай да бір нормасын қабылдаудан түрлі салаларға әлеуетті пайданы немесе залалды талдау үшін сауда және интеграция министрлігі біздің сарапшылық пулымызды күшейту туралы шешім қабылдады. «Қазстандарт» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорын базасында Техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығы құрылады.

Оған ауыл шаруашылығы, машина жасау және т.б. салалар бойынша үздік техникалық сарапшыларды тартқымыз келеді – барлығы 20 бағыт.

 

Олар «практикалық алаңның» білгірлері ретінде ел кәсіпорындарының ЕАЭО техникалық регламенттерін енгізуге әзірлігін бағалайтын болады және оларды әзірлеу кезіндегі тәуекелдерді дер кезінде байқап, бағалай алады. Содан кейін Премьер-Министр орынбасарының төрағалығымен Үйлестіру кеңесі деңгейінде сарапшылармен бірлесіп елдік ұстаным әзірленетін болады.

 

Біз тек тәжірибелі салалық практикаларға ғана емес, салалардың әртүрлі бағыттары бойынша деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей алатын, процестерді ұйымдастыра алатын және әртүрлі жоспарлы стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жасай алатын, талдамалық жұмыс жүргізе алатын және т.б. адамдарға баса назар аударамыз, тек қана еліміз үшін күрделі және жоғары сезімтал мәселелерде табысқа қол жеткізуге болады.

 

Қазір біз өз ісінің шебері , дарынды адамдарды «көздеп отырмыз». Мен оларды жылдың соңына дейін таныстыра аламын деп үміттенемін.

 

Мен кәсіпкерлер мен ассоциацияларды бірлесіп жұмыс істеуге және Техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығының кәсіби мамандарының құрамына қосылуға шақырамын.

 

Жұмыс органы - «ҚазСтандарт» РМК.

Тайжанов Қайнар Нұралыұлымен k.taizhanov@ksm.kz хабарласыңыз