Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің алқасы 2021 жылғы 12 тамызда өтеді

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің алқасы 2021 жылғы 12 тамызда өтеді

2021 жылғы 12 тамызда сағат 10.00-де Сауда және интеграция министрлігінің 2021 жылғы 1-жартыжылдықтағы қызметінің қорытындылары және 2021 жылдың соңына дейінгі міндеттері туралы алқасы өтеді.

Іс-шара министрліктің Facebook және YouTube тікелей трансляциясымен ZOOM арқылы online режимінде өтеді.

Алқа бағдарламасы мынадай мәселелерді қарауды көздейді:

- Сыртқы сауда және ЕАЭО: 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары;

- Шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі шаралар туралы;

- Ұлттық тауар өткізу жүйесін қалыптастыру;

- Сауданы цифрландыру бағдарламасын іске асыру барысы туралы;

- ТРМК 2021 жылдың 1-жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары және 2021 жылдың 2-жартыжылдығына арналған жоспарлары туралы;

- ТҚҚК 2021 жылдың 1-жартыжылдығындағы жұмысының қорытындылары және заң шығару қызметін іске асыру туралы;

- Электрондық саудада тұтынушылардың құқықтарын қорғау.

Анықтама телефоны: 75-06-68, 75-06-43, 75-06-44,  87014737616.