
Көзі https://www.facebook.com/bakhyt.sultanov
Достар!
Бүгін Қазақстанда кәсіби мереке - Сауда қызметкерлері күні!
Бұл салада 1,5 миллионға жуық адам жұмыс істейді. Бұл біздің еліміздің тұрғындарының 8%-ті немесе жұмыс істейтін әрбір 6-шы қазақстандық.
Сауда қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында бұл сала дамып, ал тауарлар мен қызметтедің түрлері кеңейіп келеді, жаңа жұмыс орындары ашылуда.
Бүгінгі күні сауда - экономиканың қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі: сауда кәсіпорындары жетілдірілуде, заманауи қызметтер мен қызмет көрсету стандарттары енгізілуде. Сауда-саттық сонымен қатар «тауарлық» салаларды дамытудың драйверіне айналуда, өйткені сатып алушылардың өнім мен қызмет сапасына қойылатын талаптары артып келеді.
Мен барлық қазақстандық сауда қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын!
Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке және қажырлы еңбектеріңізге табыс тілеймін!