
Жылдың басынан ведомствоаралық комиссияның (ВАК) он төрт отырысы өткізіліп, 89 субъектіден жалпы сомасы 3 500 766 523 теңгеге 164 өтінім мақұлданды, оның ішінде:
1) отандық өңделген тауарларды ілгерілетуге (жарнама, қойманы жалға алу, сертификаттау, көрме) субъектілерден жалпы сомасы 48 070 176 теңгеге 5 өтінім.
2) 86 субъектіден жалпы сомасы 3 452 696 347 теңгеге 159 өтінім, атап айтқанда:
- теміржолмен жеткізу 3 067 927 342 тг;
- автомобильмен жеткізу 355 036 349 тг;
- әуемен жеткізу 19 894 519 тг;
- теңіз арқылы жеткізу 9 838 137 тг.
Барлық мақұлданған өтініштердің 54-і шағын кәсіпкерлік субъектілерінен, 19 - орта және 16 - ірі бизнес өкілдерінен түскен.
Мақұлданған өтінімдер арасында 844 646 980 тг жоғарғы бөліністегі тауарларды жеткізу шығындарын, 2 271 603 226 тг орта бөліністегі тауарларды жеткізу шығындарын
және 384 516 317 тг төменгі бөліністегі тауарларды жеткізу шығындарын құрайды.
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша игеру бөлінген қаражаттың 60% - ін құрады.
Өтініштерді қарау өтінімнің алғашқы тіркелген күніне сәйкес кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Анықтама үшін:
Шығындардың бір бөлігін өтеуге төмендегідей түрлері жатады:
1) шетелде тауарларды жарнамалауға байланысты шығындар;
2) шетелдік көрмелерге, форумдарға, жәрмеңкелерге, конкурстарға, Конгрестерге тікелей қатысуға арналған шығындар;
3) шетелде тарату үшін мамандандырылған каталогты әзірлеуге, шет тілдеріне аударуға және басып шығаруға байланысты шығындар;
4) шетелде филиалдарды, өкілдіктерді, сауда алаңдарын, қойманы және сауда сөрелерін ұстауға арналған шығындар;
5) электрондық сауда алаңдарында шетелде тауар белгілерін тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізуге арналған шығындар;
6) тауарлардың ұйым стандарттарын қоса алғанда, техникалық регламенттерде, стандарттарда белгіленген талаптарға немесе шарттардың талаптарына сәйкестігін растау рәсімдеріне немесе тауарларды шетелде өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығын растауға байланысты іс-шараларды жүргізуге арналған шығындар (сертификаттар, рұқсаттар, тіркеу куәліктері және басқа да құжаттар), сондай-ақ сертификаттау рәсімінен өту үшін өнімнің сынама үлгілерін сынау пунктіне дейін жеткізу кезінде және кері қарай келтірілген шығындар (сертификат не өзге);
7) шетелде айрықша құқықтар объектілерін (франчайзинг) пайдалануға рұқсат алу рәсімдерін жүргізуге байланысты шығындар;
8) шет елде сертификаттаудан, аккредиттеуден, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін тексеруден өтуге байланысты шығындар (сертификаттау, аккредиттеу, тексеру рәсімдері оң өткен жағдайда және сертификат немесе басқа растайтын құжат болған жағдайда);
9) тауарларды жеткізуге және автомобиль, темір жол, әуе, теңіз көлігімен тасымалдау және тасымалдарды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге байланысты шығындар