
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы №154 шешімімен ҚХР-дан шығатын жүк шиналарына қатысты демпингке қарсы шара енгізілді.
Анықтама үшін: Демпингке қарсы шараның тауарлық қамтылуына жүк автомобильдерінің, автобустардың, троллейбустардың, самосвалдардың, тіркемелер мен жартылай тіркемелердің әртүрлі осьтерінде пайдалануға арналған, отырғызу диаметрі 17,5-тен 24,5 дюймге дейін қоса алғанда, V, W және Y белгілеулерін қоспағанда «Доңғалақты көлік қралдарының кауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) №8 қосымшасының 5-ші бөлімінің 5.1 кестесінде көрсетілген белгілерге сәйкес оларға жазылған жылдамдық санаттарындағы белгілеулермен, жүктеме индексі 115-тен асатам (атап өткен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешіміндегі №2 қосымшада көзделген тізбе бойынша жаңа пневматикалық резеңке шиналар мен қақпақшаларды қоспағанда) пневматикалық резеңке жаңа шиналар мен қақпақшалар жатады. Шара ҚХР-дан шыққан ЕАЭО СЭҚ ТН 4011 20 100 0 және 4011 20 900 0 кодтарымен жіктелетін жүк шиналарына қатысты енгізілді. Бұл ретте ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары тек ақпарат үшін ғана келтірілген.
«Таза» түрде, яғни машина жиынтығынан тыс, оның ішінде орнатылған дисксіз әкелінетін жүк шиналарына моторлы көлікті құрастыруға немесе қосалқы бөлшектер нарығына арналғанына қарамастан, демпингке қарсы баж салынады.
Бұл ретте демпингке қарсы шараның қолданысына демпингке қарсы шараның тауарлық қамтылуына сәйкес келетін жүк шиналары ғана жатады. Мысалы, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы 210 км/сағ асатын жүк шиналарына жемпингке қарсы баж салынбайды.
Осылайша, егер әкелу кезінде жүк шиналары өзге ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарымен жіктелетін машина жиынтығының құрамында болған жағдайда, онда оларға демпингке қарсы баж төлеу немесе тауардың шығу тегі туралы сертификат беру жөніндегі талаптар қолданылмайды.
Бұдан басқа, ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларының (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 13 шілдедегі №49 шешімімен бекітілген) 25-тармағына сәйкес басқа елдерден әкелінетін жүк шиналары қолданылатын ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын растау, яғни демпингке қарсы бажды төлеу жағдайын қоспағанда, тауардың шығу тегі туралы сертификатпен расталуға тиіс.
Анықтама үшін: Тауардың шығу тегі туралы сертификатты ұсыну бойынша талап демпингке қарсы шараның қолданылуын айналып өтуге жол бермеу мақсатында белгіленген.
Бұл ретте басқа елдерден шығатын жүк шиналарына тауардың шығу тегі туралы сертификатты алғаннан кейін «Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» кодексінің 136-бабы 5-тармағының және ЕАЭО Кеден кодексінің 72-бабы 5-тармағының негізінде төленген демпингке қарсы баж сомаларды қайтару мүмкіндігі бар.