Бақыт Сұлтанов : Киевтегі келіссөздер (3 бөлім)

Бақыт Сұлтанов : Киевтегі келіссөздер (3 бөлім)

ҚР Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаевпен бірге украиналық бизнес және бизнес-қауымдастықтармен кездесулер өткіздік. Бірлескен жобалар талқыланды: біздің Украинадағы және украиндық - Қазақстандағы бірлескен жобаларымыз.

 

Сауда-өнеркәсіп палатасы, украиндық кәсіпкерлер одағы, украиндық бизнес және сауда қауымдастығының басты мәселесі логистика болып табылады. Транскаспий бағдарының тарифтері бойынша "түйістіру" қажеттілігі талқыланды. Еуропалық бағытта, ал украиндықтарды Қытайға және одан әрі Азияға жандандыру жөніндегі жоспарларымызды ескере отырып, бұл бағыт ерекше маңызға ие.

 

Қазақстан-Украина бірлескен бизнесінің бағыттарын талқылады. Украинаның бизнес және сауда қауымдастығына фармацевтикалық компаниялар кіреді. Олар біздің вакцина өндіру тәжрибемізге қызықшылығын білдірді. Украиндықтар үшін бұл фармакологиядағы бүкіл саланың дамуын бастауы мүмкін: оларда вакциналар жасау үшін база бүгіңгі тпңда жоқ екен.

 

Іскерлік кеңес аясында жұмысты жандандыруды шештік. Менің әріптестерім айтқандай, ең бастысы, бизнеске күш біріктіруге және жұмыс істеуге мүмкіндік беріп және оған кедергі келтірмеу.

 

Айтпақшы, Қазақстанды Қытайға шығу нүктесі ретінде қарастыра отырып, украиндықтар біздің QazTrade-тің экспорттаушыларды қолдау жөніндегі күш-жігерін де жоғары бағалайды. Тіпті ҚР-дағы экспортқа бағдарланған бизнеске өз инвестицияларын жоспарлай отырып, QazTrade-тің қызметтеріне де үміт артады.

 

Мал шаруашылығындағы ірі бизнеспен келіссөздер жүргіздім. Қазір олардың Қазақстанда орналасуын пысықтап жатырмыз. Олар бізге тек технологиялар мен инвестицияларды ғана емес, ең бастысы - жұмыс орындарын әкеледі. Айтпақшы, украиналық мал өсірушілер бізде фермаларды ғана емес, оларды кластерлік тәсіл бойынша дамытуды жоспарлап отыр: жемшөп базасы және селекция, ветеринария, өнімді қайта өңдеу. Жалпы алғанда, толық цикл.

 

Бұл жерде бізде Қытай мен Тынық мұхиты өңіріне экспортқа шығатын ірі-қара мал мен шошқа шаруашылығы бойынша әлеует бар.

 

Біз сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенге заманауи технологияларды енгізу бойынша ынтымақтастықты дамытуға келістік: украин ауыл шаруашылығының тиімділігі өте жоғары, сондықтан біз олардан үйренетін нәрсе көп.

 

Жалпы, мен Украин бизнесінің Қазақстанмен бірлесіп жұмыс істеуге деген жоғары қызығушылығын көрдім. Бірінші кезекте, Қазақстанда бірлескен кәсіпорын құру және үшінші елдер нарықтарының бірлескен экспансиясы.